Сабақтың тақырыбы: Денсаулыққа пайдалы кеңестер. Демеулік шылулар.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
демеулік шылауларды түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға
үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, суретпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология
Күтілетін нәтиже: демеулік шылауды меңгеру, пайдалы кеңестер туралы айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Адамның дене мүшелері туралы бейнесөз немесе сөзжұмбақ құрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. «Денсаулыққа пайдалы кеңестер» мәтіні бойынша топтық жұмыс.
мәтінді оқиды
мәтін бойынша сұрақ құрайды
мәтінді мазмұндайды
мәтіндегі қиын және тірек сөздерді табады.
2 – тапсырма. Берілген тіркестерге демеулік шылауларды қосу арқылы сөз тіркестерін
құраңдар.
3- тапсырма. Суреттегі көп нүктенің орнына адамның дене мүшелерін атын қойып
оқыңдар.
Ережемен жұмыс
Демеулік шылау
1. Сұраулық демеулік: ма, ме, ба, бе, па, пе.
2. Күшейткіш демеулік: -ақ, -ау, -ай
3. Нақтылық демеулік:- ды, -ді
4. Болжалдық демеулік: -мыс, -міс
5. Тежеулік демеулік: тек, қана, ғана
6. Болымсыздық демеулік: емес
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
1-тапсырма («Денсаулыққа пайдалы кеңестер» мәтінін мазмұндау)
Демеулік шылауларға 6 сөйлем құрау.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау