Д. И. Менделеевтің ғылыми жетістігі. Периодтық заңның маңызы.

0
1151
информатика

№10-ыншы сабақтың тақырыбы : Д. И. Менделеевтің ғылыми жетістігі.

Периодтық заңның маңызы.

Сабақтың мақсаты . Химия ғылымының және өндірістің қазіргі мәселелерін шешудегі периодтық заңының маңызын көрсету. Оқушылардың периодтық жүйе және периодтың заң туралы білімдерін жүйеге келтіру.

Құрал – жабдықтар: «Д. И. Менделеевтің өмірі мен ғылыми қызметі».

Сабақ барысы: Ұйымдастыру:

Сабақты оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін бастаған жөн.

І. Мына элементтердің гидроксидтерінің формуласын жазыңдар.

а) калий, рубидий, цезий; ә) барий, стронций, магний;

2. Кайсы топтың негіздері күшті болады. Жауаптарынды түсіндіріңдер

Ары қарай оқушыларға Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесінің химияны дамытудағы, элементтерді бір жүйеге келтіріп жіктеудегі маңызын түсіндіру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:

1. Қазіргі кезде неше химиялық элемент белгілі.

2. Химиялық элементтің қасиеті немен анықталады?

3. Элемент атомының құрылысы қандай?

4. Элементтердің топша бойынша қасиеттерінің ұқсас болуы немен анықталады ,,,,,,,,,, және олардың металдық, бейметалдық қасиеттері қалай өзгереді.

5. Период бойынша элементтердің қасиеті қалай өзгереді?

6. Элементке сипаттама беру жоспары бойынша реттік нөмірі 20 және 6-ыншы ,,,,,,,,,,,элементтеріне сипаттама бер. Осы элементтер оксидтері берілген заттың ,,,,,,,,,,қайсысымен әрекеттеседі: НСІ, NaOH?

Жаңа материалды баяндауды мына жоспар бойынша жүргіземіз:

1. Периодтық заң – химиялық элементтер жайындағы барлық білімнің қорытындысы.

2. Д. И. Менделеевтің периодтық жүйе негізінде элементтердің атомдық массасын өзгертуі.

3. Ашылмаған элементтерді алдын-ала сипаттау және периодтық заң мен период тық жүйенің (атомдық массасын) негізгі даму кезеңдері.

4. Физиктердің периодтық заңға сүйене отырып атомның күрделі құрылысын ашуы, зат қасиетінің оның атомдық немесе молекулалық құрылысына тәуелділігін анықтауы.

5. Периодтық заңның маңызына Ф. Энгельстің А. Ферсманның және Г.Сиборгтың берген бағасы.

6. Периодтық заңның философиялық маңызы.

Осы аталған сұрақтарды шешуді мынадай бірізділікпен жүргіземіз.

1. Д. И. Менделеевтің ашқан периодты заңы мен соған негізделе отырып 1869 жылы жасалған периодтық жүйе химиялық элементтердің алғашқы екпінді ғылыми жіктелуі болып саналады. Соның нәтижесінде азғана химиялық элементтерін, түзілген сан алуан химиялық қосылыстарды бір жүйеге келтіруге және оларды одан ары қарай оқып үйренуге мүмкіндік туды. Периодтық заң химиялық элемент жайындағы барлық білімді қорытындылады, бір жүйеге келтірді.

2. Д. И. Менделеев өзінің ашқан периодтық заңында көптеген элементтердің атомдық массасы дұрыс емес деді және оларды химиялық қасиеттері бойынша өз орындарында орналастырып, теория жүзінде атомдық массасын қайта жөндеді. Ол мысалы, мына 10 элементтің атомдық массасын жөндеді: Берилий, титан, иттрий, индий, цезий, празеодим, эрбий, торий, уран. Одан кейін көптеген ғалымдар периодты жүйеге сүйене отырып 20 элементтің атомдық массасын қайта жөндеді.

3. Д. И. Менделеев өз кестесін құрастырғанда ондағы көптеген элементтер әлі ашылмаған еді. Мысалы, қазір 4 – қатарда орналасқан 21-інші скандий элементі ашылмаған еді. Атомдық массасы бойынша Са – ден кейін осы қатарда титан келеді, бірақ оны кальцийден кейін орналастыру мүмкін емес еді. Себебі онда ол ІІІ топта орналасқан болар еді. Ал, титан IV валентті және басқа қасиеттері жағынан да ІІІ топта емес, ІV топта орналасу керек еді. Сондықтан Д. И. Менделеев бір торкөз тастады, яғни кальциймен титан арасында бос орын қалдырды. Сол сияқты 5 – қатарда мырыш пен мышьяк арасында 2 торкөз қалдырылды. Ал, қазір ол торкөздерде гелий мен германий орналасқан. Периодтық жүйедегі тағы да басқа қатарларда бос орындарда қалдырылды. Ол кезде реттік нөмірі 21,31,32,43,61,75,85,87 – элементтер белгісіз еді.

Д .И. Менделеев периодтық жүйеде бос орындар қалдыра отырып, табиғатта осы орындарды толтыратын элементтер болуы тиіс деген пікір айтты және олардың ашылатынына сенді. Сол ашылуға тиіс болған элементтердің қасиеттерін көрші элементтерге қарай периодтық заңға негіздей отырып, алдын ала сипаттап берді. Мысалы, ол алдын ала скандий, галий, германий, т.б. элементтердің қасиеттерін өте дәл анықтап берді. Д. И. Менделеевтің қасиеттерін, орнын алдың ала айтып берген элементтері көп кешікпей ашылды.

Мысалы 1875 жылы француз химигі Лекок – де Буабодран Д. И. Менделеевтің «Экваалюминий» деп сипаттап берген галий элементін ашты. 1873 жылы швед химигі Нильсон Менделеевтің алдын ала сипаттап берген 2-ші элементті – скандийді ашты, оның қасиеті Менделеевтің «экабор» деп аталған элементіне сәйкес келеді. Ал 1896 жылы неміс оқымыстысы Винклер Менделеев сипаттаған 3-інші элементті германийді

ашты. Оқушыларға 33-кестедегі Менделеев сипаттаған Экасилиций қасиетін тәжірибе арқылы ашылған германийдің қасиетіне салыстыру ұсынылады.

Д.И.Менделеевтің алдын ала айтқан элементтерінің үш елде ашылуы оның айтқандарының соншалықты дәл, таңқаларлықтай екендігін көрсетеді, бұл периодтық заңның маңызын арттырды.

1894-1898 жылдары ағылшын оқымыстылары Рэлей мен Рамзайдың инертті газдарды ашуы периодтық жүйе үшін зор сынақ болды (1894 жылы аргон, 1895 жылы гелий, 1898 жылы неон, криптон, ксенон ашылған). Инертті газдардың ашылуы периодтық жүйенің мәнін тереңдете түсті, себебі белсенді металдар мен бейметалдар арасында инертті газдар орналасты. Инертті газдар ашылған соң периодтық заңды бүкіл әлем моиындады.

Д.И.Менделеевтің өзі Вильям Рамзайды периодтық заңды бекітушілердің бірі деп санады. Ол He,Ne,Ar,Kr,Xe-ды ашты, олардың атомдық массасын анықтады, ол сандар периодтық жүйенің талабына сай келді.

4. Периодтық заң ашылмаған элементтерді іздеудегі жол көрсетуші жұлдыз болды. Ғылымның дамуына байланысты ғалымдар химиялық элементтерді жасанды түрде шығара бастады.Периодтық жүйеге сүйене отырып физиктер атомның ішкі құрылысын ашты, атом молекулалар қасиетінің құрылысына тәуелділігі анықталды. Атом құрылысын оқып үйрену периодтық жүйені терең түсінуге мүмкіндік берді. Элементтердің периодтық жүйедегі орны мен атомдарының құрылысы арасында байланыстың болатындығы анықталды. Қазірдің өзінде де периодтық заң және периодтық жүйе ғылымның терең сырларын түсінуге мүмкіндік береді.

5. Атом құрылысындағы барлық жаңалықтар периодтық заңды тереңдетті, дамытты, себебі ол табиғаттың жеке заңы емес, оның жалпы заңдарының бірі. Ол тек химия мен физиканың ғана емес басқада жаратылыстану ғылымдарының жаңалық прогресінің бұлағы болады.

6. Периодтық жүйе химиялық элементтердің дамуының диалектикалық сипатын көрсетеді, онда диалектикалық материализмнің барлық заңдылығы көрінеді.(қарама-қарсылықтың бірлігі мен олардың арасындағы күрес, сандық өзгерістен сапалыққа көшу, терісті терістілеу, өзара байланыс және өзара себептілік заңдылықтары).

Периодтық заң мен периодтық жүйеде философиялық материализмніңт сипаты өз орнын табады, яғни табиғаттың танымдылығы.

Үйге тапсырма : §60 оқу.

Баяндамалар тақырыбы:

Д.И.Менделеевтің балалық және жастық шағы.

Педагогтық және ғылыми қызметі.

Периодтық заңның ашылу тарихы.

Периодтық заңның бекітілуі және жеңуі.

Д.И.Менделеев жайында замандастарының еске алуы.

Д.И.Менделеев еңбегіне шетелдіктердің көзқарасы.

Д.И.Менделеевтің периодтық заңы – жаңалықтар және техникалық прогрестің бұлағы.

Д.И.Менделеевтің өмірі мен қызметі.

химия