Батыр жырау – Қожаберген

0
889
физика

Ел тарихын ұмыттырмаған ән

“Қожаберген жыраудың шығармаларын сұрыптап, толықтырылған жинағын баспаға дайындап жатыр едiк, соған сiз алғы соз жазсаңыз”- деп, Қызылжардан телефон шалғанда уәдемдi берiп қалып едiм. Өзiң атқарар iстi бiреу жарқыратып атқарып жатса, құдайдың бергенi емес пе? Осыған орай, алдымен әдебиеттiң, өнердiң жанашыры, облыс әкiмiнiң орынбасары Қуат Есiмханұлы бастаған Қызылжардың бiр топ азаматтарының игiлiктi iсiне ризашылығымды бiлдiрем, сәттiлiк тiлеймiн.

Шындығын айтсақ, Қожаберген мұрасын, өмiр жолын ғылыми зерттеу жұмысының жүйелi түрде қолға алынуы елiмiздiң тәуел-сiздiгiне қол жеткен кезден басталды. Осы тұста әдебиетшi – ғалым Төлеш Сүлейменовтiң, атыраулық Нәбиден Әбутәлиевтiң “Сегiз серi”(1991), “Ордабасы Қожа-берген”(1995) жинақтарын айрықша еске алу керек. “Елiм-ай”жинағын шығарған Мәдина Дастанованың “Жырлары қазақ жұртын елжiреткен”деген еңбегi де құнды зерттеулердiң бiрi. Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетiнiң “Қазақ әдебиетiнiң тарихы мен сыны”кафедрасы жанындағы “Қазақ фольклоры және әдебиет тарихы”деп аталатын ғылыми зерттеу тобы 1991 жылдан осы тақырыпта тұрақты жұмыс iстеп келедi.

“Қазақ әдебиетiнiң қысқаша тарихы”деп аталатын еңбектiң бiрiншi томында, “Қожаберген жырау (1663-1763 ж.ж.)”атты арнайы тарау берiлiп, Қазақ әдебиетi тарихында тұңғыш рет “Елiм-ай” әнiнiң авторы жөнiнде бiрқыдыру мәлiмет берiлген.

“Қаратаудың басынан көш келедi,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді…”

– деп басталатын әнінің алғашқы нұсқасы 16 жол көлемiнде 1875 ж. “Записки Оренбургского отдела Императорского русского географического обществаның 3 кiтабының 253 бе-тiнде жарияланған болатын. Екiншi рет, 1932 ж. “Билер дәуiрiнiң әдебиетi”деген атпен Сәкен Сейфуллин өзiнiң атақты оқулық-хрестоматиясында “Елiм-ай”ға орын берген, 20 жол. (“Қазақ әдебиетi”I-бөлiм, 1932 ж.).

Қожаберген жырау туралы Ыбырай Алтынсаринның, Мәшһүр Жүсiп Копеевтiң, Сұлтанмахмұттың мұраларында да айтылған болатын. Ыбырай 1879 жылы өзiнiң қазақ хрестоматиясында 1896 ж. “Махтубатында”керей Қожаберген жыраудың атын атап, өлеңнен үзiндi келтiрген. Мәшһүр Жүсiп:

“Елiм-ай”әнi менен жыры тағы,

Шығарған Қожаберген бабаңды сүй, – деп жазған.

Сұлтанмахмұттың:

Керейде Қожаберген, Сегiз өткен

Қазақтың шежiресiн жыр ғып шерткен,

– дегенiне ұзақ уақыт мән берiлмей, Қожабергеннiң кiм екенi анықталмай келген болатын. Осы халықтық ән болып кеткен керемет дүниенiң авторы 1981 жылы Г.Тұрсыновтың “Мәдениет және тұрмыс”журналының 6-санында жарияланып, 1983 ж. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған “Ерте дәуiрдегi қазақ әдебиетi”(ХУ-ХУIII ғ.ғ.) деген зерттеулер жинағында “бiр халық өлеңi хақында”деген атпен хабарлама берiлдi: “Қаратаудың басынан көш келедi” өлеңiн шығарушы, таратушы кiм деген сұраққа содан кейiн ғана жауап берiле бастады.

М.Әуезов “тарихи өлеңдердiң авторы, көбiнесе сол уақиғалар-ды көзiмен көрген тұстастары”деп ескертедi. Ғалымның бұл пiкiрiн растай түсетiн айқын, ашығырақ айтылған деректер де жоқ емес. Ол – Қазақ ССР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы сақтаулы С.Шақшақов (1818-1854) қалдырған “Керей шежiресi”. Бұл қолжазбаны халық әдебиетi қазынасын жинаушы Қаратай Биғожин (1936 ж. туған) тапсырған.

Ал, “Елiм-ай”дастаны алғаш ауызша туып, кейiн оны Қожабергеннiң өзi хатқа түсiрген. Жазба күйде сақтаушы Толыбай сыншы ұрпағы – Шақшақ батыр Көшекұлы. Шақшақтан немересi Се-гiз жазып алған. Оның қолжазбасын сақтаушы Тәштит Тәбеиұлы Барлыбаев. Тәштитен Сегiздiң үлкен баласы Мұстафа көшiрiп алған. Мұстафадан 1879 жылы Дәрiбай Малыбайұлы деген жас шежiрешi жiгiт жаттап үйренедi. Дәрiбайдан оның баласы жазып алып жаттайды. Ол 1891 жылы туып, 1978 жылы 87 жасында қай-тыс болған Қожахмет деген кiсi. 1936 жылы Б.Майлин, I.Жансүгiров, Ғ.Мүсiрепов Қожаберген ұрпақтары туралы материал жи-науға жыраудың елiне келген. Бiрақ, 1937 ж. ойраны олардың еңбегiнiң нәтижесiн жойды.

1936 жылы Сәкен Сейфуллин Сегiз серi мен оның бабасы Қожаберген жәйлi жазбақ болған. Осы материалдардың бәрiне айрықша назар аударсақ Қ.Биғожиннiң берген деректерi аспаннан алынбағанын көрсетедi. Әр кезең, әр дәуiр өзiнiң қоспасын жасамай қоймайды. Ауыздан-ауызға көшiп жүргенде, әр айтушы әлеуметтiк жағдайға қарай, тiптi тыңдаушылардың әуселесiне қарай өз жанынан қосып, қиыстырып жiберетiнiн жоққа шығаруға болмайды. Неше ғасыр бойында ел есiнде сақталып, ауызша айтылып келген өлең-жырларға нақты құжат iздеп әлек болудың қажетi жоқ.

Қожаберген жыраудың мұраларының зерттелуi туралы сөз бол-ғанда, Сейтқали Қарамендин мен Қожаберген қорының төрағасы Шаймұрат Смағұловтың зерттеу еңбектерiн ерекше атаған жөн.

Жыраудың ән ұранына айналған дастанынан басқа айтқан жаз-ған дүниелерi ел есiнде толық сақталмаса да, халық арасында бiзге белгiсiз өлең-жырлары әлi де кездесетiн сияқты. 2001 жылы Айым-жан ауылында жас ақын Дәулеткерей Кәпұлы, доцент Күләш Ахмет – үшеумiз зиялы қауымның өкiлдерiмен кездесiп, Сегiз серiнiң шөпшегiнiң әнiн тыңдағанымыз бар. Сонда Қожаберген жыраудың сөздерi өзiнен-өзi әңгiмемiздi тұздықтап, ажарын кiргiзгенiн Дәулет-керей қағазға да, магнитафонға да жазып алған-ды.

Мен бұл деректердi Қожаберген жыраудың жаңа жинағы бұрынғыдан да гөрi толысып шығатынына қуанғандықтан, жазып отырмын. Ендi ешкiмге жалтақтамай, кiм не дер екен деп, елеңдемей жоғалғанымызды iздеуге, жоғымызды табуға, барымыздың қадiрiне жетуге тиiспiз. Сөйтiп, қазақ халқының рухани байлығын шашып-төкпей, жұлмаламай, өзiне қайтаруға мiндеттiмiз. Елдiң рухын аспандатып, тарихын дәрiптеудiң айқын жолын iздей берейiк, ағайын.

Батыр-жырау Қожаберген

Қазақ халқының ХVII ғасырдың екiншi жартысы мен ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысында өмiр сүрген ақын-жырлауларының, әншi, күйшi – сазгерлерiнiң және халық батырларының бiрi – Қожаберген жырау Толыбай сыншыұлы (1663-1763 жж.) екендiгi баршаға аян. Толыбайсыншыұлы ақын тек жай ғана батыр емес, кезiнде қазақ халқының әскерiн басқарған қолбасшы, әйгiлi ғұла-ма, шежiрешiсi. Оған оның өз шығармасы “Елiм-ай” жыр-даста-нының бiрiншi бөлiмiндегi мына шумақтар да айғақ бола алады:

Өнерге жас шағымнан құштар болғам,

Самарқанд, Бұхарадан бiлiм алғам.

Атанып үздiк шәкiрт қатарында,

Ең үлкен медересесiн тамамдағам.

Ерлiкпен мағылұм болдым алыс-жатқа,

Ән шырқап, қобыз тарттық көңiл шатта.

Бiтiрiп медересенi шыққаннан соң,

Имам боп он жетiмде мiндiм атқа.

Он сег i зде әйг i л i балуан болып,

Он тоғызда i л i нд i м батыр атқа.

Жиырмада имам болмай, ақын болып,

Симайтын i с жасадым шариғатқа.

Т i л i не араб, парсы болдым жет i к,

Оны да қолданбадым өнер ет i п.

Шамамша қол бастаған сардар болып,

Мен жүрд i м мұсылманға қызмет ет i п.

Сонымен қатар, Қожабергенн i ң ғұлама ордабасы, әскер басы-батыр екенд i г i не оның шәк i рт i Бұқар жыраудың “Ұстазым” атты дастанындағы мына шұмақтардың өз i -ақ дәлел бола алады:

Қожаберген ұстазым,

Бұхара барып оқыған.

Төрт-бес т i лд i үйрен i п,

Көкейге бер i к тоқыған.

Жалаулы найза, қобызды,

Домбырасын қолға алған.

Қамалға шабар алдында,

Шығарып өлең толғаған.

Жырын сүйген баршасы,

Болмаса кейб i р оңбаған.

Алла, аруақ жебеу боп,

Жорықта жолын оңдаған.

Қиын-қыстау кезеңде,

Намысын қозғап өлеңмен.

Батыр-ақын ұстазым,

Қолың қолға дем берген.

Қожаберген 1663 жылы наурыз айының басында қаз i рг i Сол-түст i к Қазақстан облысының (бұрынғыша Қызылжар аймағының) Жамбыл ауданындағы Благовещенка селосы орналасқан жерде бұрын болған Толыбайсыншы қарағайы деген орманның қой-науында дүниеге кел i п, сол туған жер i нде 1763 жылы қазан айын-да жүз б i р жасқа қарағанда ауырып қайтыс болыпты, оның сүйег i н сол төң i ректег i “Бүрк i т қонған” деген орманның маңындағы әкес i н i ң ес i м i мен аталатын Толыбай сыншы бей i т i не ел i жерлепт i . Ақынның әкес i Толыбайсыншы Дәуленұлы (1603-1680 жж.) заманында Қазақ, Ноғай (Қараағаш, Маңғыт рулары), Қарақалпақ, С i б i р татары (Ескер, Барабы, Құралаш рулары, Шалабай естектер i н i ң (Челябинск башқұрт-тарының) б i р i ккен әскер i н i ң ордабасысы болыпты. Барабы, Ескер, Құралаш руларының, Шалабай башқұрттарының жасағының қазақ әскер i н i ң құрамында болуына оларға қазақ хандығының ықпалы басым болуы себепкер болған екен. Қожабергенн i ң өз әкес i – Толыбайсыншы да, атасы – Дәулен батыр да, бабасы – Таузар сардар да өз замандарында Үш жүзд i ң әскербасылары және Орта жүз қазақтарының ардақты ел билеуш i лер i болыпты. Оларды өздер i мен тұстас ақын-жыраулар өлең-дер i не қосып, ерл i ктер i н жырларына арқау ет i пт i (шеж i ре деректер i бойынша).

Жыраудың анасы – Ақб i лек Баянауыл өң i р i н мекендейт i н Орта жүз Сүй i нд i к Арғын Айдабол бид i ң қызы екен. Ол к i с i де өнер i асқан сынықшы, тоқымашы, т i г i нш i болыпты. Ол жайында Қожаберген өз i н i ң “Ел i м-ай” жырының б i р i нш i бөл i м i нде былай дейд i :

Орта үз Арғындағы асыл тектен,

Анамның шыққан заты Сүй i нд i ктен.

Жиырма ұлдың көкжал туған ең к i ш i ем,

Тұңғыш қыз Айдаболдың Ақб i лектен.

Толыбай сыншының өз анасы Жамал кез i нде Самарқанд шаһарын және оған қоса Самарқанд уәлаятын билеп-төстеген, сол шаһарда үлкен ғимараттар салуға үлес қосқан, медересе ашқан. К i ш i жүз i ш i нде Әл i м ұлының Төрт қара руынан шыққан әйг i л i Жалаңтөс Баһадұр Сейтқұлұлының (1576-1656 жж.) туған апасы екен. Сол себепт i Толыбайсыншы қолбасшы өз i н i ң Майлы би, Өтежан, Өтегелд i , Өтеген, Өтепберген, Өтеул i , Өтем i с, Қарабас, Әм i р, Өм i р, Тем i р, Батыр, Бабыр, Бадыр, Өтебай, Өтеғұл, Ед i л, Жайық, Қожаберген ес i мд i ұлдарын нағашылары:

Ақша би, Жалаңтөс баһадұрдың Самарқанд, Үрген i ш, Бұхара шаһарларындағы жоғары дәрежел i д i ни б i л i м берет i н медереселерде ұстаздық қызмет атқаратын өнерл i , б i л i мпаз ұлдарына ерт i п апарып, солардың үйлер i не қойып, сол б i л i м ордаларында оқытады. Дәулен ұлы сыншының жиырма төрт баласының он тоғызы аталмыш қалалар-дағы медереседе оқып, хадимше сауаттарын жет i лд i р i п, д i ни б i л i м-дер i н толықтырып, көне түр i к, араб, парсы, өзбек т i лдер i н жақсы үйрен i п, сол оқу орындарын өте жақсы тамамдап шығыпты.

Қожабергенн i ң әкес i Толыбайсыншы ел қорғаны – батыр болумен қатар, ұста-зергер, балташы, өр i мш i , ет i кш i , дихан, аңшы, құсбег i , мерген, балуан, емш i , атбег i , сөзге шешен, ақындық қаб i лет i бар әр i көреген к i с i болыпты. Ел i ш i нде Толыбайсыншы-ұлы айтты деген нақыл қанатты сөздерде кездесед i .

Адамдыда, аттардыда, басқа жануарларды, гауһар, меруерт, маржан тастарды, қару-жарақты, құсты, итт i сынап б i лген i үш i н Толыбайға сыншы деген атақты Қазақ, Башқұрт, Қарақпалпақ, Қырғыз, Татар, Ноғай халықтары берген екен. Оның Қарабас ес i мд i баласы сыншылық өнер i н i ң арқасында тұтқын болған кездер i нде үш рет құтылып, аман қалған екен. Ол турасында ел аузында сақталған аңыздар бар. Сол аңыздардың б i р i әр i де көп жыл бойы алтыншы класқа арналған Әдебиетт i к оқу к i табының бет i нен орын алған ед i .

Қожаберген өз i не дейнг i қазақтың ақын-жырауларының өлең жырларын, медереселерде оқып жүргенде шығыстың жет i жұлды-зы атанған Жәми, Низами, Науаи, Фузули, Фирдауси, Сағди, Рудаки шығармаларын оқып-жаттап, солардан нәр алыпты. Сонымен б i рге ол ертеде өткен Рашид ад-Дин, Мырза Хайдар Дулати, Қа-дырғали Жалаири және өз i нен аз бұрын өткен Әб i лғазы баһадұр хан сияқты б i л i мпаздардың жазып қалдырған шеж i ре-лер i мен таныс болыпты. Сондай-ақ, ол тастағы еск i жазуларды да оқи алады екен әр i оған көп мән бер i пт i . Бұл айтылғандарына оның “Ата тек”, “Баба т i л” дастандары толық дәлел бола алады.


 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь