Бақылау диктанты «Туған жерімнің табиғаты»

0
1804

Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты «Туған жерімнің табиғаты»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сөз құрамын пысықтау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сөз құрамын меңгеру, сауатты жазу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сөз құрамын еске түсіріп, пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қиын сөздер: көркейтуге

Мәтін

Туған жерімнің табиғаты

Менің туған жерім өте әсем. Айнала биік таулар, жасыл жазықтар, әдемі қызғалдақтар, сарқырап аққан бұлақ суы. Табиғаттың әсемдігіне қарап таң қаласың. Туған жердің әрбір тасы, аң – құсы, әрбір гүлі ыстық әрі қымбат. Туған жердің көкте күлген күні, көк аспаны адам үшін қымбат. Алысқа кетсек туған жерді сағынамыз, көруге асығамыз. Біз туған жердің табиғатын көркейтуге көмектесеміз.

(56 сөз)

Тапсырма. Мәтіннен негізгі және туынды түбірге 5 мысалдан жазу.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау.

VІ. Бағалау бөлімі

Диктант жұмысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау