Бақылау диктанты «Шежіре үйрету»

0
1025

Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты «Шежіре үйрету»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

тәуелдік жалғауын пысықтау , сауатты жазуға және сөйлеуге

үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сауатты жазу, тәуелдік жалғауын меңгеру;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тәуелдік жалғауын еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қиын сөздер: ағайын – туысын, дәстүрін

Мәтін

Шежіре үйрету

Бұрын балаға жеті-тоғыз жасында әкесінен бастап ағайын – туысын, нағашы жұртын, ата тегін, руын, ел – жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлінген. «Жеті атасын білу» заң болған. Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай болғанын, ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайында әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен деген мақсат көздеген. ( 60 сөз )

Грамматикалық тапсырма. Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазу.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау.

VІ. Бағалау бөлімі

Диктант жұмысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау