Бақылау диктанты «Саяхат»

0
1240

Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты «Саяхат»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша қысқаша мәлімет бере отырып,

сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сауатты жазу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тыныс белгілердің қойылу ережелерін пысықтау, үстеулерді еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қиын сөздер: әуежайға, ұшуын

Диктант

Саяхат

Біз саяхатқа шығу үшін заттарымызды жинадық. Кейін әуежайға келіп, ұшаққа міндік. Ұшақ бірден жоғары көтерілді. Жер төменде қалды. Баратын жеріміз алыс. Бірақ аз уақытта ол да жақындап қалды. Төменде өте жарық қала шамдары көрінді. Аспанда бірнеше уақыт қалықтадық. Ұшақ ұшуын жайлап бәсеңдетті. Ол Оралдан Астанаға дейін онша көп ұшқан жоқ.

(50 сөз)

Тапсырма. Үстеулерді теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңыз .

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау

VІ. Бағалау бөлімі

Диктант жұмысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау