Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Сырт киімдер

0
839
информатика

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Сырт киімдер туралы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:

1. «Шапан» мәтінімен танысу, оқу, әңгімелеу.

2. Сөздікпен танысу:

Бағалау- ценить

Иық – плечо

Құрмет- уважение

Сый- подарок

Қатынас – отношение

А) сөздерді дұрыс оқу;

Ә) сөздікке жазып алу;

Б) сөз тіркестерін құрау.

3. Диалогті сұрақтармен толықтырып, өзара сөйлесу.

4.Суреп бойынша жұмыс.

IV. Жаңа сабақты бекіту. 4-тапсырманы орындау:

Етістіктің шартты райы қалай жасалады?

Етістіктің ашық райына мысал келтір

Тұйық етістіктің жасалу жолы қандай?

V. Сабақты қорыту:Пысықтау сұрақтарына жауап алу:

Қазақ халқының сырт киімін ата.

-адамға жасалатын үлкен құрметті ата.

– Қандай дәстүр бар?

VI. Үй тапсырмасын беру: мәтінді әңгімелеу (112-бет 1- тапсырма)

VII. Бағалау