Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер

0
950
компьютер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлттық киімдер туралы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:

1-тапсырмадағы мақал- мәтелдермен танысу, түсіну.

2-тапсырмадағы мәтінмен танысу, оқу.

3-тапсырмадағы тірек-сызбаны пайдалана отырып, әңгіме құрау.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

IV. Жаңа сабақты бекіту. “Киім” тақырыбына мақал немесе киімді күту кеңестерін айту.

V. Сабақты қорыту:Пысықтау сұрақтарына жауап алу:

-Қазақтың ұлттық киімдері қалай тігілген?

– Қазақтарда қандай киімдер бар?

-Біркиер киім дегеніміз не?

-Қазақ әйелдерінің ұлттық киімдерін ата. т.б.

VI. Үй тапсырмасын беру: мәтінді әңгімелеу (111-бет 4- тапсырма)

VII. Бағалау.