Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ұйқының пайдасы. Қос сөздердің түрлері

0
764

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

А) «Денсаулық» мәтінінің мазмұнын сұрау;

Ә) аударма диктант: драгоценный, даже, обращать внимание, запас, здоровый образ жизни, формировать, заниматься, вредные привычки

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз

2. Айтылым- жазылым.Жаңа сөздермен танысу:

Әдеттену- привыкать

Тынығады- отдыхает

Ынтасы артады- появляется желание

Аурулардан- от болезней

Ересек- взрослый

Желдеткіш- форточка

3. Оқылым – «Ұйқының пайдасы» мәтінімен танысу

IV. Жаңа сабақты бекіту: Деңгейлік тапсырмаларды орындау

ІІІ деңгей

1.Сұраулық шылауларды қатыстырып, мәтінге сұрақ құраңдар.

Үлгі: Ұйқы денсаулықты жақсарта ма?

2. Мәтіннен сан есімдерді теріп, топтау сан есім жасаңдар.

Үлгі: төрт- төрттен

ІІ деңгей

1.Тірек сызба бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімелеңдер.


2.Төменде берілген сұраққа жазбаша жауап беріңдер.

Ұйықтаған кезде адам өзін қалай сезінеді?

Ұйықтау ережелерін неге білу керек?

І деңгей

Өздеріңнің денсаулықты сақтауға қатысты ойларыңды баяндау мәтіні түрінде жазыңдар.

V. Сабақты қорыту: Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап айту.

Денсаулық, жақсы болу үшін, салауатты өмір салты, қалыптастыру, дене тәрбиесі, дұрыс тамақтану, тазалық шаралараны сақтау.

VI. Үй тапсырмасын беру: 184- бет 2- тапсырма мәтінді әңгімелеу

VII. Бағалау. Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек