Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Ағайындылар»

0
800

Сабақтың мақсаты : Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың әдісі : баяндау, жаздыру.

Пайдаланылған әдебиет : Қазақ тілінен жазба жұмыстар С.Ч.Тұрсынғалиева «Арман-ПВ» баспасы 2008ж

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі .

Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.

ІІ. А)Мәтінді 2 рет оқу.

Ә) Қиын сөздерді тақтаға жазу

Б) 3 рет оқи бастағанда оқушылар жаза бастайды.

Ағайындылар

Сәбит- Ораздың ағасы. Олар- ағайындылар. Олар өзара тату. Дегенмен кейде Сәбит үлкендігін білдіріп, Оразды көбірек жұмсайды. Ораз ағасының шашылған кітаптарын ренжімей- ақ жинап қояды.

Бірде Сәбит Оразға:

-Ораз, менің сөмкемді ертеңгі сабаққа реттеп , дайындашы,- деді.

Ораз дереу іске кірісті.

Ертесіне сабаққа кешігіп келген Сәбит партаға кітпа- дәптерлерін асығып қойып жатты. Сыныптастары ду етіп күлді. Сәбит ештеңені түсінбеді. Орнына отырып, кітабын қолына алды. Екінші сыныптың кітабын көргенде Сәбит қызарып кетті.

68 сөз

ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі .

Ү. Жазба жұмыстарын жинап алу.

ҮІ.Үйге тапсырма .

Өткенді қайталау