Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық спорт н/с

0
806
литература

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Спорт тақырыбына жинақтаған білімдерін толықтыру, пысықтау,жүйелеу.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: А). Кіріспе сөз

Ә) Тест парақшаларын тарату

1. Қазіргі кезде тейкондомен шамамен қанша миллион адам шұғылданады?

А) 40 млн
В) 50 млн
С) 60 млн
Д) 70 млн

2. Тейквондоның Дүниежүзілік федерациясы қай елде орналасқан?

А) Солтүстік Кореяда
В) Оңтүстік Кореяда
С) Қытайда
Д) Жапонияда

3. «Футбол» сөзінің қай тілден енгенін табыңдар.

А) орыс тілінен
В) ағылшын тілінен
С) неміс тілінен
Д) француз тілінен

4. Футболдың әр командасында қанша ойыншыдан болады?

А) 10 ойыншы
В) 11 ойыншы
С) 12 ойыншы
Д) 13 ойыншы

5. «Шахмат» сөзіндегі «шах» сөзінің мағынасын табыңдар.

А) уәзір
В) хан
С) әскер
Д) ат

6. Шахмат ойыны бойынша халықаралық жарыстар қай ғасырдан бастап өткізіле бастаған?

А) XV ғ
В)
XVII ғ
С)
XVIII ғ
Д)
XIX ғ

7. Берілген сөйлемдегі керекті сөзбен толықтырыңдар. Мен таңертеңгілік … шұғылданмын.

А) аспен
В) ұйқымен
С) жаттығумен
Д) сабақпен

8. Ұлттық спорттың түріне жатпайтынын табыңдар.

А) күрес
В) тоғызқұмалақ
С) көкпар
Д) шахмат

9. Шахмат Үндістанда нешінші ғасырдан бастап ойнала бастаған?

А) 6 ғасырдан
В) 10 ғасырдан бастап
С) 11 ғасырдан
Д) 12 ғасырдан бастап

10. Спорт түріне жатпайтын қатарды табыңдар.

А) жүгіру
В) жаттығу жасау
С) ойлану
Д) арқан тарту

IV. Жаңа сабақты бекіту: Төмендегі сөздерді топтарға біріктір.

Біріккен сөздер қысқарған сөздер қос сөздер тіркесті сөздер

Есенәлі, бесатар, қосаяқ, шегіргүл, Орынбасар, қарлығаш, Екібастұз, көре-көре, көзбе-көз, ұсақ- ұсақ, кітап- мітап, тәлім- тәрбие, ТМД, ҚазҰУ, кг, БҰҰ, әрі- бері, ірілі- ұсақты, фотосурет, автоқалам, қысы- жазы, алыс- жақын, физмат, Қазатомөндіріс, АҚШ, келіп отыр, ала сал, ұзын бойлы, он бес, көк ала, ақ аю, қара кер, ГАЗ- 51, ауыл- ауыл, халықаралық, қолхат, Жетіқарақшы, ақсүйек, сұп-сұр, жап- жасыл, екі жүз бес.

V. Сабақты қорыту: Реттік сан есімнің жұрнақтарын жалғап жазу:

2010

145

65

851

104

364

78

VI. Үй тапсырмасын беру: қайталау

VII. Бағалау