Қазақ тілі 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Ғаламтор торабын пайдалану

0
1064
общество

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Ғаламтор» тақырыбы бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

Мәтіннің мазмұнын сұрау

Аударма диктант: связаться, всемирный, обширный, управлять, с помощью, дистанционно, сеть

ІІІ.Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз

2. Сөздікпен танысу: шықпай- ақ– не выходя

Жетістіктер- успехи

Өркениетті- цивилизованный

Үлес- вклад

Сезіну- чувствовать

Мүмкіндік- возможность

А) сөздерді дұрыс айту;

Ә) сөздік дәптерге жазып алу;

Б) сөз тіркестерін құрап жазу.

3.Деңгейлік тапсырмаларды орындау

ІІІ деңгей

1.Мәтінді түсініп оқып, сұрақтар дайындаңдар.

Интернет торабын пайдалана отырып, үйден шықпай- ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, мұражайларды, кітапханларды көруге болады. Дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысуға болады. Оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.

2.Мәтіннен табыс септігінде тұрған сөздерді теріп жазып, сөз құрамына қарай морфологиялық талдау жасаңдар.

Үлгі: қалаларды- қала- түбір; -лар- көптік жалғау, -ды- табыс септік

ІІ деңгей

Мәтінмен танысып, төмендегі берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

Интернет- бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен мерверлер жиынтығы. Интернет ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға және тағы да басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.

Сұрақ: Интернет тағы да қандай мүмкіндіктер ұсына алады?

І деңгей

Жоғарыда берілген мәтіндерге сүйене отырып, Интернет туралы айтып беріңдер.

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтарға жауап беру:

* Интернет деген не?

*Интернет арқылы хабарды қалай алуға болады?

*Интернеттің мүмкіндігі қандай?

*Интернет желісіне қалай қосылуға болады?

*Модем дегеніміз не?

* Интернеттің сендерге пайдасы қандай?

V. Сабақты қорыту: Сыныпты екі топқа бөлу, І топ- қазақ тіліне аударылған терминдер

ІІ топқа: интернационалдық терминдерді теріп жазу:

Дыбыс, сөз табы, грамматика, экология, бизнес, қуат, энергия, оптика, квадрат, глобус, нарық, елтаңба, тангенс, төлқұжат, ғарыш.

VI. Үй тапсырмасын беру: 234-бет мәтінді мазмұнын айту

VII. Бағалау. Рефлексия