Қазақ тілі 6. Сабақтың тақырыбы: Диктант «Көктем»

0
1062

Сабақтың мақсаты : Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.

Сабақтың әдісі : баяндау, жаздыру.

Пайдаланылған әдебиет : Қазақ тілінен жазба жұмыстар С.Ч.Тұрсынғалиева «Арман-ПВ» баспасы 2008ж

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі .

Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.

ІІ. А)Мәтінді 2 рет оқу.

Ә) Қиын сөздерді тақтаға жазу

Б) 3 рет оқи бастағанда оқушылар жаза бастайды.

Көктем

Көктем жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз мейрамында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жыралардан су аға бастайды.

Көктемде жер беті кілемдей жайнап, әсем қызғалдақтар шешек атады, ағаштар жасыл жапыраққа бөленеді, жеміс ағаштары гүлдейді. Жылы жаққа кеткен құстар да қайтып келе бастайды. Көл сәні- сұлу аққу, қаз бен үйрек көлді, даланы думанға айналдырады. Қарлығаш, қараторғай, бозторғай, т.б. құстар ағашқа қонып, әндетіп жүріп, ұя салады.

Адамдар үшін көктем – қызу жұмыс науқаны. Жұрт егіске шығады, жер жыртады, егін егеді, демалады. Балық аулайды, гүл тереді. Көктем- өте көңілді мезгіл.

ІІІ. Жазба жұмысын оқушылардың өздері тексеруі .

Ү. Мәтіннен етістіктерді тауып жазу. Оларды нақ осы шаққа, жедел өткен шаққа, болжалды келер шаққа қойып жазу.

ҮІ. Жазба жұмыстарын жинап алу.

ҮІ.Үйге тапсырма .

Өткенді қайталау