Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы дәстүрлер.

0
1544

Мұғалім: Семенова.Т.Н.

Сабақ:

Айы,күні________________

Сабақтың мақсаты. Білімділік: Отбасының мүшелерінің тұрмыс тіршілігі, дәстүрі туралы тереңірек білу, ұғындыру . Дамытушылық: Отбасы дәстүріне байланысты сөйлемдер, диалог және басқа амал тәсілдер арқылы, тіл байлығын молайту. Тәрбиелік: Отбасы дәстүрлерін сақтау, татулықты, бейбітшілікті сақтауға баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, оқыту, қызықтыру.
Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.
Көрнекілігі: Олардың тұрмыс тіршілігі суреті, оқулық.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа дайындықтарын сұрау, олармен ауа райы, жыл мезгілдері туралы аздаған 5 мин әңгіме жүргізу.
II Сабақтың мақсатымен таныстыру, ой шақыру: «Дәстүр» деген сөзді түсіндіру. Мақсат: дәстүрлер туралы әңгіме ете білу, ол үшін сөйлемдерді аудару, диалог оқу, сөздер, бізге көмегін тигізеді.
III Үй тапсырмасын тексеру:Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап шығу.
IV Жаңа сабақ. А)Пазл ретінде оқушыларды топқа бөлу.
І– пазл Мерекелерді қарсы алу.
ІІ–пазл Үлкендерді сыйлау.
ІІІ– пазл Қонақ күту.
Б) Жеке жұмыс «Өз отбасымдағы дәстүрлер» – слайд, сурет, көрме ретінде көрсету. Жұмыстарды бағалайды бір парта да отырған оқушы.
В) Жазба жұмысы– фонетикалық талдау: отбасы, дәстүр, қамқор сөздеріне.
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі.
Г) Оқулықпен жұмыс– 20 бет 2 тапсырма. Мәтін бойынша диалог құру.
Д) Пазлдың жанына отбасының дәстүрлерін жазу. Мысалы: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді қарсы алу.
Қорытынды: Сөздік дәптерді қолдана отырып сөздер жарысы, мұғалім орысша сөздерді атайды оқушылар жауабын береді, өткен тақырыптағы сөздерді естеріне түсіру.
Сөздер: здравствуйте, сіңлі(сестренка ей), қарындас сестренка (ему), жақын(близкий) , бауырмал(сердечный), тату (дружно), құрмет көрсету (уважать), қамқор болу (заботиться), бірге (вместе), қарсы алу (встречать), тұру (жить).
Үй тапсырмасы: сөздерді жаттау 21бет, 4тапсырма І деңгей.
Бағалау.
Рефлексия
: оқушылар сабақ бойынша өз пікірлерін айта кетеді.
Тренинг өткізу: менің атым….

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь