Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Біздің үй

0
674
информатика

Мұғалім: Семенова.Т.Н.

Сабақтың мақсаты. Білімділік: Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер,мәтін, көрнекіліктерді қолдана отырып, білімдерін кеңейту. Дамытушылық: Өз пәтерлері туралы айтуға, тілдерін жаттықтыру, ой- өрісін қозғау,сөйлеу әрекетін қалыптастыру. Тәрбиелік: Оларды тазалыққа, сұлулыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс- тәсілі: әңгімелеу, сөйлемдер құрау, сұрақ- жауап.
Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.
Көрнекілігі: Бөлме ,үй суреті.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
: Кабинетті, оқушыларды сабаққа дайындау. Олармен сабақ төңірегінде пікір алысу, 5-7 мин.
II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Өз пәтерің туралы айта білуге үйрену, сөйлеу әрекетіңді дамыту, бөлмеңді таза ұстау, ұқыптылық әдеттерін сақтау.
III Үй тапсырмасын сұрау: сөздерді жаттау 21бет, 4тапсырма І деңгей,
монолог айту.
IV Жаңа сабақты түсіндіру Мәтін оқу, суретпен жұмыс жүргізу, жаңа сөздер, сөздік диктант, оқулықпен жұмыс, сергіту.
V Сабақты пысықтау. Жаңа сөздерді оқу, әр оқушыға оқыту, осы сөздермен сөз тіркестерін құру. Сөз тіркестерінен сөйлем құрау.Сөйлемді , сөздерді дәптерлеріне жазып алу .
А)Сурет бойынша: Балалар мына суретте үйдің суреті және ондағы бөлмелер.
Қәне бөлмелерді атаймыз мына қонақ бөлме, мынау жататын бөлме, ал мынау ас бөлмесі , мынау менің бөлмем, яғнй бұл біздің үй. Біздің үй – наш дом.
Б) Балалар қәне жаңағы айтылғанға ұқсас кім өз үйі туралы не айталады? Мысалы: Мынау менің үйім, осы сөйлемді тақтаға жазамыз.Әрі қарай оқушылар сөздіктің көмегімен суретке байланысты сөйлемдер айтады. Дәптерлеріне жаза отырады.
В)Ойын бойынша оқушыларды екеуден бөлу. Ойын «Мен бүгін саған … тілеймін».
Г) «Менің үйім» деген тақырыпқа оқушылар сұхбат құрайды. Бір- бірін бағалайды.
Д) Дәптермен жұмыс. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазу.
Менің үйім …. ауданында орналасқан. Менің үйім …. көшесінде тұр. Үйім … бөлмелі. Үйде қонақ, жататың, менің , …. бөлмелері бар. Керекті сөздер: ас, Пролетарская, Қарабалық, төрт.
Сергіту сәті: 17 бет, өлеңді айту.
Е) «Менің үйім» туралы тақырыпқа дарынды оқушылар презентацияларын көрсетеді немесе суреттерін қорғайды
Қорытынды: Тест тапсырмалары.1. Әсем-Нұрболдың….
А)Қарындасы
Б)Ағасы
В)інісі
2.Балам, ата-…..сыйла.
А)Анаңды
Б)әжеңді
В)бауырларыңды
3.Өркенің…….., балам
А)өссін
Б)ашылсын
В)көктесін
4. Келіңіз……шығыңыз
А)Төрге
Б)Оңға
В)Ас бөлмеге
5. Атам дастарханға ………берді.
А)Тамақ
Б)Ақша
В)Бата.
Таныс емес сөздердің аудармасын тақтаға жазып қою, соның көмегімен тесті орындау.
Үй тапсырмасы: «Менің үйім» монолог, 2тапсырма 23бет.
Бағалау.
Рефлексия
: оқушылар сабақтың жақсы, жаман жерлерін стикерге жазып оқиды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь