Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Досымның мекен-жайы

0
7
науки информатики

Мұғалім: Семенова.Т.Н.

Сабақ:

Айы,күні________________

Мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, достар арасындағы қарым-қатынастар туралы әңгімелеу.

Білімділік – достық туралы мәліметті толықтыру, жаңа тақырып бойынша лексиканы меңгерту, сөздік қорын молайту.

Дамытушылық –достық туралы біліктерін дамыту, коммуникативтік, ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту, оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік – Адамгершілікке, достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: суреттер, тірек-сызбалар, карточкалар, тапсырмалар Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: бірлесіп білім алу Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, дәлелдеу, әңгімелеу, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Бүгін сабақта кім жоқ? Бүгінгі сабағымыз ерекше. Бізге қонақтар келіп отыр. Өз білімімізді көрсете білейік. Бүгінгі сабақ жарыс түрінде өтеді. Сынып екі топқа бөлініп өз білімдерін сынап көреді. Алдымен, топтардың атын белгілейік. Ол үшін үш топтан бір оқушыдан шығып, үстелдегі қағаздарды алады. Онда топтардың атаулары жазылған. «Достық», «Сәттілік», «Бірлік». а) Психологиялық дайындық: шаттық шеңберіне тұрып, өлең сөздерімен бір-біріне жақсы тілектер айту. Қайырлы таң, достым! Қайырлы күн, құрбым! Әр күнін сәттілікке толсын! Бүгінгі алған бағаң, кілең бестік болсын!

II. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін жүйелеу

Тілдесім. Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақын – абзал дос. «Доссыз өмір – тұзсыз ас» – деп халық бекер айтпаған. Адам жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Дос алдамау керек. Дос әрқашан бір-біріне көмектесу керек. Достар ұрыспау керек. Достар тату болу керек.

1-тапсырма. «Достық» тақырыбына мақал-мәтелдер жарысы. Кеспе қағаздарда жазылған мақалдардың жалғасын айту. Дұрыс табылған мақалға бір ұпайдан беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Адам досымен … . Жолдасы көптің – … . Татулық – … . Досы жоқ адам – … .

2-тапсырма. Орысша жазылған сөздері бар кеспелер беріледі. Әр топ ойыншысы бір-бір сөзден аударып келесі оқушыға береді. Тапсырманы тез және дұрыс орындаған топ жеңеді. Дұрыс аударылған әрбір сөзге 1 ұпайдан беріледі.

«Достық» 1. Моя подруга 2. Добрый 3. Рост 4. Младший 5. Рост 6. Хобби 7. Красивый «Сәттілік» 1. Мой друг 2. Волосы 3. Характер 4. Глаз 5. Заболтивый 6. Высокий 7. Советоваться «Бірлік» 1. Слушать 2. Одноклассник 3. Надежный 4. Уважать 5. Правдивый 6. Средний 7. Нос

3-тапсырма. Сызба бойынша өзіңнің досың туралы әңгімеле.

Менің досым

Бет әлпеті

Бойы

Мінезі

Ермегі

Әдемі, сұлу, сүйкімді, сымбатты,

Көзі

Шашы

Мұрны

Орташа

Ұзын

Қысқа

Мейірімді, қамқоршы, момын,

сыпайы.

Кітап оқу,

үйірмеге бару,

би билеу,

сурет салу,

ән айту.

4-тапсырма. Грамматикадан алған білімдерін тексеру. Сөзге фонетикалық талдау жаса: құрбы, дос, ермек

III. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу Тақырыбымыз: Досымның мекен-жайы

IV. Жаңа сөздерді оқып, естеріңе сақтаңдар.

Мекен-жай – адрес орналасқан – расположен қабатты үй – многоэтажный дом пәтер – квартира

сүйіспеншілік – любовь татулық – дружба сенім – доверие

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап беріңдер.

Менің атым – Олжас. Оқу жылының басында біздің сыныпқа жаңа оқушы келді. Мұғалім оны менің қасыма отырғызды. Үзілісте екеуіміз әңгімелестік. Оның аты – Ернұр. Ол Естай көшесінде тоғыз қабатты үйде елу бірінші пәтерде тұрады. Үйі менің үйіме жақын. Ернұр маған өз мекен-жайын берді. Қонаққа шақырды. Қазір екеуіміз доспыз.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь