Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Күні: 17.09.2013 ж. Мектебі: №8 ОМ
Мұғалімнің аты-жөні: Смаилова Ә.Ә.
Сабақтың мақсаты 1. Тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту. Фонетиканы қайталау.
2. Оқушылардың ауызекі тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты оқуға, жазуға үйрету.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Оқушы бойында өз бетімен білім алу,өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту нәтижесі 1.Сынып оқушыларының ойлау қабілеттері жетіледі.
2. Оқушылардың ауызекі тілдері дамиды.
3. Оқушылар өз беттерімен білім алуға ынталанады.
Сабақтың түрі Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі Сұрақ-жауап, әңгімелеу, қайталау, топтық жұмыс, жеке жұмыс, кластер
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, флипчарттар, бағалау парағы
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
-сәлемдесу;
-оқушыларды сабаққа бейімдеу;
-қима қағаздарды жинап, топқа бөлу -Сұрақ-жауап ұйымдастырады
-Оқушыларды топқа бөледі -Сұрақтарға жауап береді
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Тест жұмысы арқылы үй жұмысын тексеру
1.Біздің отбасы қандай?
а) бес адам ә) өте тату б) дәстүр көп
2. Жуан дауысты дыбыстарды тап
а) а,о,ө,і ә) а,о,ұ,ы б) е,ү,ө,ә
3. Қатаң дауыссыз дыбыс
а) п ә) н б) б
4. Әже тәрбиелеген бала … .
а) көңілді ә) ақылды б) үлкен
5. Отбасы мүшесін тап.
а) сіңлі ә) адамдар б) оқушы
6. Жіңішке сөзді тап
а) сезімтал ә) мейірімді б) жақсы
7. Үш буынды сөзді тап
а)оқу ә)отбасында б)қуаныш
Тест сұрақтарын түсіндіреді
Тест сұрақтарына жауап жазады
7 ұпай
ІІІ. Жаңа сабақ:
1)Сөзжұмбақты шешіп сабақтың тақырыбын анықтау, тақырыпты талқылау;
2) Кластер: «Біздің үй» (топтық жұмыс)
3) Жаңа сөздермен жұмыс:
жарық-светлый
орналасқан – расположен
сырланған-покрашено
кілем-ковер
көрші-сосед
-жаңа сөздерді дауыстап оқу;
-жаңа сөздермен жұмыс жүргізу
4) Мәтінмен жұмыс:
Біздің үй Әбілқайыр көшесінде орналасқан.
Біздің үй үлкен, биік және жарық. Үйде бес бөлме бар. Қонақ бөлмесінде үлкен кілем жатыр. Бөлмелердің едені қоңыр бояумен сырланған. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Көршілеріміз жақсы.
-мәтінді мәнерлеп оқу;
-мәтінді аудару;
-сұрақ-жауап ұйымдастыру
5) Сергіту сәті
6) Грамматикалық тапсырмаларды орындау
Мәтіннен 3 жуан, 3 жіңішке сөз теріп жаз.
Жаңа сөздерді буынға бөліп жаз.
Фонетикалық талдау: «Үй»
ІV. Қорыту
Сұрақ-жауап:
Біздің үй қандай?
Үй қай көшеде орналасқан?
Үйде нелер бар?
V. Үй тапсырмасы:
-жаңа сөздерді жаттау;
-мәтінді мазмұндау;
-23-бет 2-тапсырма (ж)
VI. Бағалау:
14 ұпай – «5»
13-12 ұпай – «4»
11-8 ұпай – «3»