Мұғалім: Семенова.Т.Н.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
зат есім мен септік жалғауларын түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: зат есімді және септік жалғауларын меңгеру, Алматы қаласы
жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген модульді еске түсіру, пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сөздікпен жұмыс
Алаң-площадь азық – түлік – продукты
Саябақ – парк ықшамаудан – микрорайон
Сүйікті – любимый сату – продавать
1-тапсырма. Жоғарыдағы сөздікті пайдаланып, диалогты толықтырыңдар.
2 – тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақ құрау. Атау септігінде тұрған зат есімдерді теріп жазыңдар.(суреттермен жұмыс)
3-тапсырма. Төмендегі зат есімдерді үлгі бойынша екі топқа бөліп жазыңдар.
Кім? не?
Ережемен жұмыс
Зат есім – заттың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім ? не?
Қазақ тілінде 7 септік бар. Атау септік: кім? не? Жалғауы жоқ.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
2-тапсырма (Мәтінді мазмұндау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау