Қазақ әдебиетінің тарихына шолу

0
1624
компьютер

Қазақ әдебиеті тарихына шолу.

Қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі бір сала – жыраулар поэзиясы. Қазақ атымен аталатын дербес мемлекет – Қазақ хандығының негізі қаланумен байланысты өз алдына жеке әдебиетте қалыптасты.

« XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиет тарихы » атты бұл пән ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдері – Асан қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет, Шалкиіз, ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Жиембет, Марғасқа, ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясының соқталы өкілдері Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау және ақындық поэзияның көрнекті өкілдері – Көтеш, Шал ақындар шығармашылығын қамтып, ежелгі түркілік поэзия мен жыраулық поэзияның сабақтастығы идеялық-көркемдік жалғастығы мәселелері, жыраудың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы, жыраулар поэзиясының көркемдік негіздері, жыраулық мұралардың тарихилық мәселелері ғылыми-теориялык тұрғыдан түсіндіріледі.

П ә нді оқыту барысында пәнаралық байланыстар да басты назарда болады. Бұл кезең ә дебиетіні ң тар и хи оқиғалармен, саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты дамуы ерекшеліктеріне де назар аударылады.

Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың 1900және1920 жылдар аралығындағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы туралы хронологиялық ұстанымды сақтай отырып студенттерғе барынша толық, тиянақты білім беру.

Бұл пәннің міндетіне – ХХ ғасырда жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді барынша толық қамту болып табылады. Сондай-ақ аталған кезеңдегі әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесімінің қаншалықты дәрежеде болғандығына назар аударылады.

20-ғасыр 1900-1920жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің тарихы, проза, поэзия, драма жанрларының дамуы, әдебиет теориясы мәселелері қарастырылады. Пәнді оқытуда алға қойған басты мақсат – қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындау, көркем шығармаларды теориялық тұрғыдан талдау, әдебиетті қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу, студенттердің рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыруға әсерін пайымдау.

Әдеби процесс әдебиеттің даму заңдылықтарының көрінісі. Қазіргі кезеңде әдебиетте болып жатқан құбылыстарды зертеп, зерделеу үлкен міндетті жүктейді. Пәннің міндеті:

1.Білім алушылардың өз пәндері бойынша алған теориялық

білімдерін нығайта отырып, өз мамандығы бойынша ұғым-түсінігін жан-жақты қалыптастыру;

2. Қазақ әдебиетінің көркемдік деңгейін, шеберлік аясын айқындау, жалпы қазіргі қазақ прозасының даму бағытына баға беру;

3. Әдеби процестің даму бағытын айқандау, әдебиеттегі ағым бағыттар, көркемдік әдістер туралы білу;

1.1. ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ

ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығын болашақта терең де жан-жақты меңгеру мәселесi күннен-күнге талап күшейiп келедi. Әр бiр азаматтың таңдап алған қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығын меңгеруде теориялы және практикалық бiлiмiн тереңдете түсу қажет. Қазақ фольклоры бүкiл әдебиет мәселесiн меңгеру үшiн негiзгi тiрек болып табылады.

Оқу-әдiстемелiк бағдарламаны амалға асыру үшiн мына мәселелерге назар аударылсын:

а)қазақ халық ауыз әдебиетiн меңгерiп, үйрену үшiн ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң нұсқаларымен оқып сюжетiн меңгеру;

ә)баспада жарияланған оқулық, хрестоматиялық, көмекшi-құралдарды оқып, үйрену;

б) Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау, зерттеу әдiстерiн меңгеру талап етiледi.

Қазақ халық ауыз әдебиетіне кіріспе. Ежелгі дәуір қазақ фольклоры. Қазақ фольклористикасы мәселелері. Қазақ ауыз әдеб.жиналуы.Фольклор үлгілерінің баспада жариялануы.Тұрмыс-салт өлеңдерін жинаған ғалымдар және ғылыми еңбектері.Наурыз салт-дәстүрі ұлттың ұлы мерекесін екенін.Көңіл-күй шығармаларының жиналуы, зерттелуі.Мақал-мәтелдердің баспада жариялануы Қазақ жұмбақтары. Ертегілердің жианлуы мен зерртелуі Күлдіргі әңгімелер, жинағының баспадан шығаруы.Эпик туындылар.

Қазақ халық ауыз әдебиетiнiң жанрлық құрылысы мен оның ерекшелiктерiн, мәтiннiң сюжет желiсiн меңгерудi мiндеттейдi, мәтiндi сюжет және композициялық құрылысына қарай талдау; мотив пен сюжет текстерiн қорытындылап шығарма жазуға дайындау.

Курстың мазмұны мен мәнi. Қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығына қазақ ауыз әдебиетi пәнi ең алғаш пән ретiнде бiр семестр бойынша лекциялық, практикалық-семинар сабағы жүргiзiледi. Студент толық мәтiн нұсқаларын, версияларын оқып, сюжет желiсiн салыстыра баяндап, реферат, курс жұмыстарын жазуға дағдыланады.Фольклорлық жанрлардың тақырыбына тиiстi мәтiндерiн оқып, талдау жасауға жаттығады; студент конспект арқылы теориялық ой-түйiндерiн жасап, композициясын өзбетiнше салыстырып пiкiр айтуға үйренедi; теориялық әдебиеттер тiзiмiне оқытушы-профессорлардың еңбектерiн де тiзiмге енгiзiп пайдалануға болады

Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі. Фольклор туралы жалпы түсiнiк. Басқа пәндер мен байланысы. ауыз әдеб. жанрлары. ауыз әдеб. жазба әдебиетi айырмашылығы. Қазақ ауыз әдеб. жиналуы. Ч.Валиханов, В.В.Радлов.Ә.Диваев жинаушы және зерттеушi. Қазақ ауыз әдебиетiнiң зерттелуi. Қазақ және Орыс ғалымдарының зерттеу еңбектерi. Тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар: Төрт түлiк мал жайындағы шығармалар: Аңшылық жайындағы өлең-жырлар.Наурыз туралы өлеңдер: Бесiк жыры, iйлену салтына байланысты өлеңдер. Той бастар. Жар-жар, сыңсу т.б.Көңiл-күйдi бiлдiретiн шығармалар-қрштасу, естiрту, жоқтау, көңiл айту т.б.Мақал-мәтелдер жиналу, жариялану, зерттелу тарихыЖұмбақтар. Жүмбақтың айтылу тарихынан.Ертегiлер. Жиналуы, зерттелуi, түрлерi, қиял-ғайып ертегiлер.Аңыз-әңгiме, әпсаналар мен мифтер. Күлдiргi әңгiмелер: Қожанасыр, Алдар Көсе, Асан Қайғы.Батырлар жыры. Батырлар жырының тарихпен байланыстылығы.

1.2 ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ

Пәнді оқытудың мақсаты. Қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тілдес халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен бағзы замаандардан бері өзара тығыз байланысты болған. Ежелгі түркі тілді әдебиет – бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті екенін ұғындырып, олардың ежелгі түркі ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнері екенін түсіндіру.

Пәнді үйретудің негізгі міндеттері. Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырдық тарихын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыру. Бірінші, VI-IX ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштерін таныту; Екінші, Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері мен құндылықтарын айқындау.

Үшінші, ХІІІ-ХV ғасырлардағы, яғни Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет, Қазақ хандағының құрылуы, қазақтың төл әдебиетінің тууы туралы түсінік беру.

«Ежелгі дәуір әдебиеті» курсын меңгеру үшін студенттерге қажетті пәндер тізімі: халық ауыз әдебиеті, тарих, философия, тіл білімі, тіл мәдениеті т.б.

«Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне кіріспе. Ежелгі дәуір әдебиетіне шолу

Көне түркі әдебиеті. /ҮІ-ІХ ғ.ғ./ Ежелгі жазу-сызулар, Орхон немесе руна жазулары. «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған» жырлары туралы мәлімет және олардың көркемдік ерекшеліктері. «Қорқыт ата кітабы». «Қорқыт ата» кітабы – оғыз-қыпшақ дәуірінің әдеби ескерткіші. «Оғыз-наме» («Оғыз – қаған» эпосы). «Оғыз – қаған» эпосы мен «Қобыланды батыр» жырындағы ұқсас көріністер.Орта ғасырлық ғұламалардың ой-түйіндері. Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі және шығармашылығы. Х-ХІІ ғасырдағы әдебиет. Махмұт Қашқари/ХІғ/ – ұлы филолог «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігі.

1.3 ХАНДЫҚ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ

Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық-

әлеуметтік, саяси жағдай

Қазақ хандығы түріндегі Қазақ мемлекеттігінің пайда болуына негіз болған объективті себептер: Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының күшейе түсуі, казақ халқыньщ қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы.

Хандықтың негізін салушылар – Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек.

ХҮІ ғасырдағы қазақ хандығы. ХҮІ ғасырда қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғая түсуі. Қасым ханның тұсында казақ хандығында ішкі қайшылықтардың жойылып, саяси және экономикалық жағынан нығаюы, шекараның ұлғаюы.

Алғашқы қазақ заңы – « Қасым ханның қасқа жолының » жасалуы.

ХҮІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі. Тәуекел хан тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюы және Орта Азияның сауда орталықтарына шығуы.

ХҮІІ ғасырдағы қазақ хандығы. Есім ханның орталықтандырылған мемлекет құру әрекеті. Қазақ хандығының Есім хан тұсында Оңтүстік шекараларының кеңеюі. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңның сипаты.

ХҮІІ ғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы. Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1717) халықтың бірлік, ынтымағының арта түсуі.

Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары.

Қазақ халқының тарихына ірі кұқықтық өзгерістер жасаған «Жеті жарғы» заңының жасалуы.

ХҮІІ ғ. алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылуы. Қазақ-жоңғар қатынастары.

Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде қазақ хандығының әлсіреуі. Қалмақтардың қазақ жеріне шапқыншылық жорығы.

1710-1711, 1717, 1723-1725, I 740-1742 жылдарда қазақ жеріне жасалған жоңғарлардың жорықтары.

Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Жоңғар мемлекетінің күйреуі. Жоңғар қалмақтарына күйрете соққы берген қазақ батырларының жеңісті жорықтары.

Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырудағы Абылайдың рөлі.

Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалудағы Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру, дипломатиялық шеберлігі.

Абылай ханға, жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен танылған қазақ батырларына арналған поэзиялык туындылар. Осы шығармалардағы Абылай бейнесі.

Ежелгі түркі поэзиясының жаңа коғамдық саяси жағдайлардағы дәстүрлі жалғасы болып табылатын қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы.

Қазақ әдебиеті тарихынан жыраулар поэзиясының алатын орны.

Жырау, жыршы, ақын сынды халық әдебиетін жасаушылардың өзіндік ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясының дара табиғаты, тақырыптық ерекшеліктері. Жыраулардың қоғамдык-әлеуметтік тұлғасы.

Хандық жүйе кезеңінде жыраулардың ханға, мемлекет билеушілеріне кеңесші көмекші болуы, оның мемлекет істеріне араласуы, қоғамдағы рөлі. Жырау – хан мен халық арасындағы дәнекер тұлға.

Жыраулардың қазақ хандығы қалыптасып, нығаюы процесінде хандардың бір орталыққа бағынған мемлекет құру саясатын іске асыруда ұраншы, үгітші қызметін атқаруы.

Жыраулардың саяси және қоғамдық өмірдегі езгерістерге орай жорықшы, батыр жауынгер болуы.

Жыраулардың келесі бір функциясы – сәуегейлігі, көріпкелдігі, болашақты болжауы. Жыраулар шығармаларындағы болжал өлеңдер.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь