Қазақ әдебиеті “Ахмет Байтұрсынов – қазақтың тілі мен әдебиетін зерттеген үлкен ғалым”

0
1453

Ғалым- филолог
Ахмет Байтұрсынов – қазақтың тілі мен әдебиетін зерттеген үлкен ғалым.1929 жылы 1 мамырда өз қолымен орыс тілінде жазған өмірбаянында: «1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда, өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін ,ең алдымен , қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ афавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында , қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің әсерінен тазартуға әрекеттендім.Төртіншіден, қазақ прозасын (яғни іс қағаздар тілін публицистика мен ғылыми тілін ) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ,ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым »,-деп жазады.Бұл сөздер Ахметтің ғылыми жұмыспен қашан ,қалай ,қандай мақсатпен шұғылданғанын көрсетеді.
Ахмет Байтұрсынов елдің санасын көтеруден бұрын сауатын ашу қажет екеніне мектепке мұғалім болып жүріп әбден көзін жеткізеді. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірін ол 1912 жылы бастап, «Айқап »журналында ,1913 жылы «Қазақ» газетінде білдірді. Қазақ тілі дыбыстарына қажеті жоқ араб таңбаларын әліпбиден алып тастауды, сөздің жіңішкелігін білдіретін дәйекше деген белгі енгізді ,қазақ тіліндегі төл дыбыстардың әр қайсысына жеке таңба белгілеуді ұсынады.1912 жылдан бастап, ол ұсынған жаңа емле мұсылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде қолданыла бастайды. Сол арқылы Ахмет жаппай сауаттандыру ісіне үлкен үлес қосады. Оның бұл тәжірибесін көрші халықтар, өзбектер мен татарлар да өз жазуларында қолданды.
Ахмет Байтұрсынов ең әуелі қазақ балаларына ана тілінде сауатын ашатын әліппе жазды. Ол әліппе «Оқу құралы» деген атпен алғаш рет 1912 жылы Орынборда басылды. Бұл «Оқу құралы» 1912-1925 жылдар арасында жеті рет қайта басылып, ұзақ пайдаланылды.
Ахмет 1914 жылы «Бастауыш мектеп» атты көлемді мақала жариялайды. Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы керектігі жайында мәселе қозғайды. Бастауыш мектеп бес жыл болсын.
Алғашқы үш жылда балалар ана тілінде, кейінгі екі жыл орысша оқысын, бірақ бастауыш мектеп миссионерлік саясаттан аулақ болсын деген ұсыныстар айтады. Сол кездегі ауыл мектептерінің жағдайы төмен екенін ,оларда бағдарлама, оқу құралдарының жоқтығын, мұғалімдердің жетіспейтіндігін жазады. «Білімнің басты құралы –кітап » деп келіп, балаларға арнап оқу құралдарын жазу ,мұғалімдер даярлау ісіне көңіл аударады.
1926 жылы ол әліппенің жаңа түрін жасады. Бұл осы күнгідей суреттермен жабдықталған оқулықтың үлгісі еді. Кейін мектеп оқушыларына ғана емес, ересектердің сауатын ашуға арналған
«Әліп-би» де жазады. (1924-1926)
Енді Ахмет мектепте қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқулық жазуға кіріседі. Оны «Тіл-құрал» деп атап ,үш кітап етіп жазды. Ол кітаптары 1914-1916 жылдары басылып шықты . 1928 жылдарға дейін өңделіп, 6-7 рет қайта басылды . «Тіл құрал» оқулығы қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеген ғылыми жұмыстың басы болды.
Ахмет Байтұрсыновтың тәжірибесін сол кезде түркі халықтары үлгі етті. Олар да өз жазуларына реформа жасай бастады. Ахмет жасаған жаңа жазуды күні бүгінге дейін Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан , Иран елдеріндегі қазақтар қолданады.
Ғалым латын алфавитіне көшуге қарсы болды. Өйткені араб жазуы қазақтың мәдени талаптарына әбден өтейді деген көзқараста болды.
Ол қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог-ғалым болды. Ол Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі еді.
ХХ ғасырдың басындағы демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді өкілі Ахмет Байтұрсынов екі рет жазықсыз жазаланды. Ұлтшыл, түрікшіл, халық жауы деген жала жабылып, сталиндік режимнің құрбаны болды.
Ахмет Байтұрсынов қайта құрудың арқасында ақталды.Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым акдемиясының Тіл білім институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілді.
Қазақ тіл білімінің атасы , Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі- Ахмет Байтұрсыновтың : «Шығармалардың да сөздері бәрі жақсы бола бермейді… . Әр ақын ,әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырады . Сондықтан әрқайсысында өзіндік айырма белгілер болады. Ол айырма-белгілерін жай айтып түсіндіру қиын, олар әрқайсысының шығармасын оқып, әбден танысып болғанда ғана сезілетін белгілер… »деген еді.
Сондықтан «Өнер алды- қызыл тіл»деген қазақ мақалын естен шығармайық. Мұны қазақ сөз қадірін білгендіктен айтқан.
Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.
Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. Өзі де басқа халық ақындары мен жазушыларының жақсы деген өлеңдері мен мысалдарын өз ана тілімізге аударып кетті. Артына өшпес із қалдырды.
Ахмет қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымының ағартушысы. Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ахметтің ілімдері — әлі зерттелетін үлкен ғылым. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі-өнегесі — қазіргі жаңа заманға өте керек.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған петициядан, редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады.
Оқу-ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл платформаны мықтап ұстауға итермелеген- оның туған халқының тағдырын ойлаған қамқор- әрекеті.ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел болатын.Халқы үшін сол кезде белең қаққан ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда» болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін, амал- әрекеттің бастысы «түгел қазақты» сауатты етіп, көзін ашу, «наландық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты».
Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын, ғана емес, тек ана тілінде сауаттануын, содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды принципті талап етті. 1913 жылдың өзінде ол «Қазақ» газеті мінбесін пайдаланып, қазақ қоғамына оқу- білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді. Ахмет бұдан 80 жылдай бұрын байқап- түйгендері, айтқан пікірлері дәл бүгінгі күні айтылып жатқан мәселелерімізбен үндес келеді. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі- үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген кемшілік» деп жазды «Қазақ» газетінде. Надандық деп отырғаны — халқының білім- ғылымнан қалыс келе жатқандығы. Қалыс қалуға үлкен себеп — қазақ жерінде мектептер аз, сол аз мектептердің өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді. Демек, қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан ққтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін «алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе!» деп бейнелі түрдегі тілмен білдіреді.
Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі — ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып
Ахмет Байтұрсынұлының 1928 жылы Қызылордада жарық көрген екі бөлімнен тұратын екі кітапты «Тіл жұмсар» деген еңбегі белгілі.
Ол методика саласында 1910 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жинаған. Жазу таңбаларын үйрету амалдарын түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылы жарық көрген. Жалпы сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын «Әліп-би астары» атты методикалық еңбегінде тағы көрсетеді. 1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» журналында қазақ тілі методикасына арналған бірнеше мақала жариялайды.
Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды:ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» дүниеге келген, екінші-сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің граматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған, бұл үшін «Тіл құралды» жазған.
Ахметтің қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. «Ахметтің Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі секілді орында оның еңбегі мол… Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды»-, деп жазды Сәбит Мұқанов, 1929 жылы 5 мамырда Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген газет және журналдарда жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми-методикалық, еңбектердің тізімі» деген құжат ҚазПУ архивінде сақталған.
Ғалым бұрын айтқан пікірін тағы келтіріп, үдетіп беру машығынан таймайды. Ахмет Байтұрсыновтың азамат, қайраткер ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен ХХ ғасырдың о жақ, бұ жағындағы қоғам дамуы мен оның қайшылықтары, ұлт аймақтарындағы езгінің күшеюі, сол уақыттағы қазақ халқының тағдыры жөнінде ой қорытудан бастады.
Байтұрсынұлы қазақ балаларын ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. 1905 жылдары Ресей «Кіндік үкіметіне» жазылған петициядан, редакторы болып «Қазақ» газетін шығарып, оның бетінде мәселелер көтеруінен, қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интелегенциясы өкілдерін баулуынан танылады. Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (грамматика) қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. «Ахметтің октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол… Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды”, — деп жазды Сәбит Мұқанов. Ғаббас Тоқжанов пікірі де осымен сабақтас. «Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді”.
Өз қолымен жазған «Өмірбаянында” (1929, 8 наурыз) Ахмет Байтұрсынов былай дейді: «Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін (шрифтін емес), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен; ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтың жады тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған «Қазақ” газеті арқылы іске асты”.
Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде айтылған. «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу заманы – жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман…”, – деп жазды ол.
Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады. Қазақ мектептеріндегі оқыту жайлы, олардың қиындықтарын таратып айта келіп, автор өзінің оқыту әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтып отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп, ой жүгіртіп көріңіз:
«Дүниедегі жұрттардың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) түбіршек тіл, 2) жалғамалы тіл, 3) қопармалы тіл. Түбіршек тіл түпкі қалыбынан өзгерілмей жұмсалады, мәселен: қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл сөздің аяғына жалғау қосылып өзгерілетін тіл, мәселен: түрік, финн тілдері. Қопармалы тіл сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен: орыс тілі, араб тілі” Дәл бүгін айтылғандай әсер қалдыратын бұл пікіріне таңданбасқа шара жоқ.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын, өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады.

Қорытынды

«Тіл — құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Кезінде қазақ қауымы Байтұрсынұлы десе, Байтұрсынұлын «Тіл — құралды», «Тіл құралы» десе, Ахметті қазір – Ахаң деп танитын болған.
Қазақ тілін ана тілімізде тұңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын графикасын жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» (Төте жазу) дүниеге келген, екінші – сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойғаң бұл үшін «Тіл құралды» жазған.
Міне, «Өнер алды –қызыл тіл» деген қазақ мақалын естен шығармайық.Мұны қазақ сөз қадірін білгендіктен айтқан.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Дулатов.М. Ахмет.Б Кітапта:М.Дулатов шығармалары Алматы 1991ж
2. Сыздықова.Р. Ахмет.Б Алматы «Білім қоғамы» 1991ж

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь