Ауылдағы демалыс. Диалог

0
1078

Сабақтың тақырыбы: Ауылдағы демалыс. Диалог

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

диалогты түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: диалогты меңгеру, демалыс туралы өз ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма («Күшік пен мысық» мәтінін мазмұндау)

Төл сөзге 5 сөйлем құрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

1. Суреттер бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.

3. Сөйлемдерге тыныс белгілерін қойып, оқып, көшіріп жазыңдар.

ІІ деңгей

1. Суреттер бойынша «Ауылдағы демалыс» тақырыбына диалог дайындаңдар.

І деңгей

1. «Ауылдағы демалыс» тақырыбына әңгіме дайындаңдар.

Ережемен жұмыс

Диалог – екі немесе одан да көп адамның сөйлескен сөзі. Мысалы:

– Сен жазда ауылға барасың ба?

– Иә, мен жазда ауылға барамын.

– Ауылда кім тұрады.

– Ауылда атам мен әжем тұрады.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

«Менің ауылым» тақырыбына реферат жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау