Сабақтың тақырыбы: Ауыл табиғаты. Төл сөз.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
төл сөзді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, суретпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: төл сөзді меңгеру, ауыл табиғаты туралы өз ойын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Қаратпа сөздері бар 5 сөйлем жазу.
«Менің қиялымдағы ауыл» тақырыбына сурет салу және әңгімелеу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
ІІІ деңгей
1. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Ауыл қайда орналасқан?
Ауыл жанында не ағады, нелер өседі?
Балалар қайда демалды?
2. Диалогтың сұрақтарына жауап беріп, толықтырып айтыңдар.
ІІ деңгей
1. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді әрі қарай жалғастырыңдар.
2. Жаңылтпашты жаттап алыңдар.
І деңгей
1. Суреттер бойынша «Ауыл табиғаты» тақырыбына әңгіме дайындаңдар.
3 – тапсырма. Үлгі бойынша төл сөзді қатыстырып, сөйлем құраңдар.
Ережемен жұмыс
Төл сөз – біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер.Төл сөз сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келеді. Мысалы: «Абай – ұлы ақын,»- деді мұғалім.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
2 – тапсырма (Диалогты жаттау).
Төл сөзге 5 сөйлем құрау.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау