Артық. Кем.Сонша.Тең.

0
1154

8 -ші сабақ

Сабақтың тақырыбы: Артық. Кем.Сонша.Тең.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: «Артық», «Кем», «Сонша» түсініктерін қалыптастыру;

2.Дамытушылық: заттардың саны бойынша топтарды салыстыру дағдыларын дамыту. Саны бір -бірінен артық -кем заттарды теңестіруге үйрету.

3.Тәрбиелік: Еңбексүйгішілікке, зейіншілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, дүниетану

Сабақтың көрнекіліктері: плакатқа салынған сурет, көбелектер мен

гүлдердің суреттері

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Бақыт менде, бақыт сенде,

Бақыт барлық жерде.

Тыныштық менде, тыныштық сенде

Тыныштық барлық жерде.

Бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде,

Бейбітшілік барлық жерде болсын!

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша санауға заттарды санау, тапсырма бойынша заттар тобын арттыру және кеміту, дыбыстарды санау жұмыстарын жүргізуге болады. «Неше рет?», «Пойыз құрастырайық», «Эстафета», «Зейін сал», т.б. ойындарын ұйымдастыру.

Санау нәтижесі қай ретімен санағанына қарамастан өзгермейтіндігіне оқушылардың назарын аудару керек. Мұғалім тақтадағы шеңбер бойынша заттық суреттерді іліп ,әртүрлі суреттен бастап санауды ұсынады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен қорытынды жасайды.

IІІ. Жаңа материалмен жұмыс.

Жаңа сабақпен танысу практикалық жұмыстан басталады. Мұғалім тақтаға бірнеше ұл мен қызды шақырып, олардың ұл, қыз болып жұптасып тұруын сұрайды. Балалар ұлдар мен қыздардың тең (сонша) екендігін өзбеттерінше өздерін жеткізеді .

Содан соң екі ұлды орнына отырғызады да , оқушылардан ұлдар мен қыздарды салыстыруды сұрайды. Оқушылар өзбеттерімен егер ұлдар кем болса, қыздардың артық болатындығына көздерін жеткізулері керек.

ІV. Оқулықпен жұмыс. №1 суретпен жұмыс істей отырып, мұғалім оқушыларды заттардың екі тобын салыстыруға және заттардың екі тобын арттыру, кеміту арқылы (бір топтан екінші топқа алып) теңестіруге үйретеді. Бұл тапсырманың материалдары арқылы тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Сурет бойынша «Артық», «Кем» ұғымдарын пайдаланып, бір-біріне сұрақтар қояды. «Егер ұлдар артық болса, қыздар кем болады» деген қарапайым қорытындыны өздері жасайды.

Бұл бетте алғаш рет «дәптер» шартты белгісімен кездеседі. Оқушыларды оқулықпен дәптерді тапсырма орындауға ыңғайлы болатындай етіп орналастыруға үйрету керек.

V.Сергіту сәті

Қоян шықты далаға

Жан -жағына қарады

Жүгірді, секірді

Орнына отырды

VI.Дәптермен жұмыс 14-15 бет

Алғашқы бекіту жұмысы үшін №1 тапсырма орындалады: «оқулықтағы суретте неше көшет (шелек, қыз, ұл бала, күрек) болса ,сонщша дөңгелекті боя. Не артық: көшет пе, шелек пе? Көшет пен шелек тең болу үшін не істеу керек?» т.б.

Тапсырма мұғалімнің жетекшілігімен орындалады. Суретті бояу жұмысы 6-7 жасар баланың уақытын көп алатындықтан, бояу орнына суреттің ішін айқас сызықтармен (Х) толтыруға болады.

№2 тапсырма жазу жұмысына арналған.

Өзіндік жұмыс және жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін №3 тапсырманы ұсынуға болады.

Логикалық тапсырма: №4 тапсырма ойлау қабілеттерін дамытуға арналған.

Егер балалар орындауға қиналатын болса, онда тапсырманың орындалуын түрлі түсті қатты қағаздан дайындалған фигуралар арқылы көрсету керек.

VII. Өтілген материал бойынша жұмыс.

Мұғалім оқушылардың назарын қайтадан оқулыққа аударып, №2 тапсырма бойынша заттарды теңестіру жұмысын орындауды ұсынады.

№3 тапсырма балалардың логикалық ойлауын және тіл дамытуға арналған.

VIIІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?

ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.