Ана тілі. Сабақтың тақырыбы: Абай: «Сабырсыз,арсыз, еріншек»

0
1438

К .И.С ә тбаев атындағы орта мектеп-гимнагия

бастауыш сынып мұғалімі

Тумарбекова Д.Ж

Сабақтың мақсаты: 1. Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету. 2. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу. 3. Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру.

Сабақтың түрі : аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдері : талдау, әңгімелеу, сұрақ – жауап, қорытындылау.

Сабақты ұйымдастыру.

Балалардың назарын сабаққа аудару.

Біз бүгін Абай ауылына саяхат жасаймыз, үш топқа бөлініп, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз. Ол үшін алдымен үй тапсырмасын пысықтап алайық.

Тест жұмыстарын тарату, оқушылар орындаған соң өздеріне тексертіп, қорытындысын бағалау.

Жаңа сабақ.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

1. «Абайдың өлеңдері» 2. «Абайдың қарасөздері» 3.«Абайдың әндері»

Балаларға алдын ала А. Құнанбаев туралы қосымша деректер тауып келуге тапсырмалар беріледі .

1 тапсырма бойынша 3 топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Интерактивті тақтаға:

«… Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс – көнсеңіз»

деген Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді жазылып қойылады.

Бағдарлау – мотивациялық кезең:

Балаларға мынадай сұрақтар қойылады:

-Бұл кімнің өлеңі?

– Үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?

-Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?

-Абайдың тағы қандай шығармалары бар?

А. Құнанбаев жайлы не білесіңдер? – деген сұрақтар қоя отырып, жаңа сабақпен байланыс жасау.

Тақтаның ортасына «Абай Құнанбаев» деп жазылып, оған қатысты оқушылардың өзі тауып келген деректерді топ ішінде ортаға салып, топтама құрастыру.

Абай

Абай Құнанбаев жайлы қосымша мәлімет: өлеңдерңінен басқа 3 поэмасы, 45 қарасөзі бар. Абайдың алғашқы өлеңдерін Көкбай Жанатаевтың атымен жариялаған. Қазақстанның барлық қалаларында Абай ескерткіштері, Абай көшесі, Алматыда Абай атындағы университет, Іле Алатауы жоталарында Абай шыңы деп аталатын жер, біздің Семей қаласында Абай музейі, Абай атындағы театр бар. Абайдың анасының аты – Ұлжан, әжесінің аты – Зере. Абай кішкентайынан әжесі Зеренің айтқан қызықты ертегілерін тыңдап өседі.

– Ендеше, бүгін біз Абайдың бізге таныс емес жаңа өлеңімен танысамыз. Ол «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталады.

– Өлеңді мәнерлеп оқып беру, мазмұнын түсіндіру.

– Өлеңді оқушыларға тізбектеп оқыту.

– Мәтіндегі ақынның айтып отырған негізгі ойын анықтау.

Рефлексиялық – бағалау кезеңі.

2 – тапсырма бойынша екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, кестені толтыру.

Адамның мінез – қылықтары:

Жағымды

Жағымсыз

Кестеге өтілген жаңа сабақ бойынша «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталатын өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазады.

-Дәптермен жұмыс.

Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беру.

– «Жақсылық пен жамандық» тақырыбына байланысты үш топқа тапсырмалар беріледі.

1 – топ Шағын әңгіме құрастыру.

2 – топ Өлең құрастыру.

3- топ Сурет салу.

– Сабағымызды қорытындылау мақсатында 4-тапсырма бойынша адамның мінез қылығына байланысты мақал – мәтелдер айту.

-Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

-Ақын бұл өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды сынайды?

-Мен бүгінгі сабақта нені үйрендім?, Келешекте нені білгім келеді? деген сұрақтарға жауап парақтарына жауап жазу.

– Жарыс қорытындысын шығару.

– Үйге тапсырма беру. 112- 113 беттегі өлеңді жаттап келу.

– Оқушылардың білімін бағалау.