Адамның дене мүшелері. Шылаулар.

0
671

Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері. Шылаулар.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

шылауларды түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология

Күтілетін нәтиже: шылауды меңгеру, адамның дене мүшелері туралы айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2 – тапсырма («Адам» мәтінін мазмұндау). 4-тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

Адамның дене мүшелерін атап көрсетіңдер.

2 – тапсырма. Емес шылауын пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Келген Настя ма, Әлия ма?

2. Анаңның шашы ұзын ба, қысқа ма?

3. Қолың кір ме, таза ма?

3 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. Дене мүшелерінің аттарын атап, аударыңдар.

2. Олармен сөз тіркестерін құраңдар.

ІІ деңгей

1. Дене мүшелерінің атқаратын қызметі туралы жазыңдар.

2. Шылау сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.

І деңгей

1. Адамның әр дене мүшелері туралы толық мәлімет беріңдер.

2. Шылау сөздермен сөйлем құраңдар.

Ережемен жұмыс

Шылау – жеке тұрғанда толық грамматикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі болмайтын сөз табы. Мысалы: ма, ме, ба, бе, және, кейін, дейін, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Адамның жекеленген дене мүшелері туралы толық мәлімет жинау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь