Адам. Шылаулар.

0
661
информатика

Сабақтың тақырыбы: Адам. Шылаулар.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

шылауларды түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу,мақал-мәтел, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология

Күтілетін нәтиже: шылауды меңгеру, адам қызметі туралы айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен модульді пысықтап, еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Мақал-мәтелдердің мазмұнын түсініп, жаттаңдар.

1. Адам – ардақты ат.

2. Адам – бір-біріне қонақ.

2 – тапсырма. «Адам» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

1. мәтінді оқиды

2. мәтін бойынша сұрақтар құрайды

3. мәтінді мазмұндайды

4. мәтін бойынша тірек сөздер мен қиын сөздерді табады.

3 – тапсырма. Емес шылауын пайдалана отырып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.

Шағын сөйлесу құраңдар.

1. Сенің шашың ұзын ба?

2. Көзің қара ма?

3. Досыңның тісі әдемі ме?

4. Ағаңның мұрны түзу ме?

Ережемен жұмыс

Шылау – жеке тұрғанда толық грамматикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі болмайтын сөз табы. Мысалы: ма, ме, ба, бе, және, кейін, дейін, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

2 – тапсырма («Адам» мәтінін мазмұндау). 4-тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау