Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. Дара және күрделі сын есім.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
дара және күрделі сын есімді түсіндіру , сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: дара және күрделі сын есімді меңгеру, Абай туралы өз ойын айта
білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 – тапсырма (Өлеңді жаттау). Жұмбақтар жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. «Қыс» және «Зима» өлеңдерін мәнерлеп оқу.
2– тапсырма. «Абай Құнанбаев» мәтіні бойынша топтық жұмыс.
Мәтінді оқиды.
Мәтінді аударады
Мәтінді мазмұндайды
Мәтін бойынша сұрақ құрайды.
Мәтіннен сын есімдерді табу.
3 – тапсырма. Берілген сөздерге сын есімнің жұрнақтарын жалғаңыз.
Ережемен жұмыс
Сын есім құрамына қарай екі түрге бөлінеді:
1. Дара сын есім: қызыл, ұзын, қалың, т.б.
2. Күрделі сын есім: қып-қызыл, өте ұзын, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
2 – тапсырма («Абай Құнанбаев» мәтінін мазмұндау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау