Уақыт алтыннан қымбат. Болжалдық сан есім.

0
1136
информация

Сабақтың тақырыбы: Уақыт алтыннан қымбат. Болжалдық сан есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сан есім мен болжалдық сан есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу

мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, мақал – мәтелдер, жұмбақтар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: болжалдық сан есімді меңгеру, уақытты бағалай білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

3 – тапсырма (әр деңгейдің 3 тапсырмасы)

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Уақыт туралы мақал-мәтелдерді оқу, мағынасын ашу.

Елу жылда ел жаңа.

Уақыт тас екеш, тасты да тоздырады.

Заманың түлкі болса, тазы болып шал.

Мезгілсіз таң атпайды, уақытсыз жан шықпайды.

Ештен кеш жақсы.

2 – тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден болжалдық сан есімдерді табыңдар.

3 – тапсырма. Жұмбақтар шешу

1. Жер үстінде бір бәйтерек, 2. Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ,

Оның он екі бұтағы бар. Мезгілімен ашылып және жаппақ.

Әрқайсысында отыз жапырақ, Болғанда бірі қара, екіншісі –

Отызының бір жағы ақ, бір жағы қара. Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ.

(жыл, ай, күн, күн мен түн) ( күн мен түн )

Ережемен жұмыс

Сан есім – заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы. Сұрағы: қанша? неше?

Болжалдық сан есім: бірлеген, бірлеп, бірдей, бірлерде, бірге жуық, т.б.

Жұрнақтары: -лаған, -леген, -даған, -деген, -таған,-теген

-лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп

-дай, -дей, -тай, -тей , есептік сан есім + көптік жалғауы + жатыс септік

жуық, шамалы, қаралы, тарта, астам сөздері

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма (мақал – мәтелдерді жаттау). Болжалдық сан есімдерге 5 сөйлем құрау.

VІ. Бағалау бөлімі Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау