Сабақғың тақырыбы: Let’s play.

0
906
география

Сабақтың максаты: Оқушыларды «Games» такырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен таныстыру. Тақырып бойынша бұрын окылған лексикалық бірліктерді колдану. «Саn» модальді етістігін енгізу. Оқушылардың ойын іс-әрекетін белгілейтін жаңа сөздерді енгізудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдысын қалыптастыру. Ff, Gg әріптерімен танысу. Графикалық дағдылар мен дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту, [f ], [g ].

Күтілетін нәтиже:

пәндік: бұрын үйренген лексиканы, грамматикалық кұрылымдарды және «Саn» модальді етістігін пайдалана отырып, достарды ойын қызметіне шақыру және ол туралы шағын диалог кұру дағдыларын қалыптастыру. Ff, Gg әріптерінің дыбыстық бейнесін олардың графикалық бейнесімен сәйкестендіру;

тұлғалық: замандастарымен достық қарым-қатынас кұруға баулу, оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін дамыту;

жүйелік-әрекеттік: осы тілдік тақырып бойынша окылған лексикалық-грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану. Сабақта диалог арқылы қарым-қатынас жасау барысында мұғалім мен сыныптастар сөзін түсіну.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оку қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар мен флэш -карталар;

Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар топтамасы.

Пәнаралық байланыс:музыка, сурет.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру сәті.

Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning, good morning

I am glad to see you!

Оқушылар :

Good morning, good morning

We are glad to see you!

How are you? (Cl.: Fine, thanks.) Sit down, please.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Бүгін біз ойындар туралы әңгімелеуді және достарымызды ойынға шақыруды үйренеміз. Сонымен катар Ff, Gg әріптерін үйренеміз.

Тірек білімді белсендіру.

– Балалар, бізге кімнің келгенің қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (Cl.: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?

-Бүгін біз такпақ жаттаймыз. Listen to me and say after me. Оқушылар тыңдайды және мұғалімнің артынан қайталайды.

My little doll

Is very small

I love my pretty

Little doll.

Жаңа материалмен жұмыс.

Балалар, менің не істей алатынымды қараңдар (қолмен және дене қимылдарымен не істей алатынымды көрсетіп, іс- кимылдарды түсіндіру).

I can jump.

I can sing.

I can play.

Балалар, менің нені істей алмайтынымды қараңдар (қолмен және дене қимылдарымен не істей алмайтынымды көрсетіп, іс- кимылдарды түсіндіру).

I can’t run.

I can’t hop.

I can’t dance.

жаттығу. Look, listen and learn.

Окушылар аудиомәтінді тыңдап, оқиға барысын кадағалайды. Муни нені істей алмайтын еді? Достары оған нені істеуді үйретті?

Track 34.

Әлібек: Let’s play!

Муни: Play?

Муни: I can play now.

Анар: Let’s sing!

Муни: Sing? I can’t sing.

Муни: I can sing now!

Анар: Let’s dance!

Муни: Dance? I can’t dance.

Муни: I can dance now! I love it.

Балалар, ал сендер не істей білесіңдер? Менен бастайық. I can dance. (Мұғалім билейді). Ал, енді сендердің кезектерің. Балалар не істей алатындарын көрсетеді.

Енді нені істей білмейтіндерің туралы айтайық. Әдеттегідей менен бастаймыз. I can’t sing. Балаларға сергіту сәтінде үйренген етістіктерді естеріне тусіру (jump,clap, stamp, sing, dance, hop, play, open, close, take etc).

Рөлдік ойын.

Балалар, бізге Муни келді. Муни не істей алатынын көрсетеді,ал сендер оны дауыстап айтыңдар

2 – жаттығу. Learn the new letters and new words. Listen.

Танысатын әріптер мен дыбыстардың қалай таңбаланатынын білу үшін біз Mr. Wise Crow-ты шақырдық.

– Балалар, Бүгін ағылшын тілінің Ff, Gg деген әріптерімен танысамыз. Look at the picture, listen and say Ff, Gg. Суретте осы әріптен басталатын заттарды көріп отырсыңдар. Listen and say: fish, frog, girl

(мұғалім сөздерді айтып отырып, оқулықтағы суреттерді көрсетеді).

Осы әріптерді белгілейтін дыбыстарды тыңдап, естеріңе сақтаңдар.

Оқушылар дыбыстар және әріптерді тақпақтап оқудың көмегімен үйренеді.

Track 35.

f,f, f

[f ] frog, [f ] frog

f,f, f.

G,g, g.

g, g,g.

[ g], [ g],

[g ] girl, [ g] girl

[g], [g], [g].

Сергіту сәті.

Stand up,

turn around

Clap, clap

and sit down

I-жаттығу. Trace the words and match them to the pictures. Оқушылар суреттерге кандай да бip кимылды білдіретін сөздерді таңдап, осы сөздерді айналдыра сызады.


сурет. Балалар ән айтады (sing) dance

сурет. Балалар билейді (dance) play

сурет. Балалар ойнайды (play) love


сурет. Анасы мен баласы құшактасады (love) sing

жаттығу. Match the pictures with their first letters.

Окушылар осы әріптерден басталатын сөздерді таңдайды:

a – apple

b – book

с-cat

d- duck

e-egg

жаттығу. Colour the spaces with Gg and Ff green.

Окушылар Gg және Ff әріптері бар кеңісітіктерді жасыл түске бояйды.

жаттығу. Trace.

Окушылар Ff, Gg әріптерін айналдыра сызады, ал екінші жолды өз бетімен жазады.

жаттығу. Write the letter. Say the words.

Окушылар сөзді жетіспейтін әріптермен толықтырады және жаңа заттарды атайды.

Сабақты қорытындылау.

– Балалар, Бүгінгі сабақта жаңа сөздерді (sing, dance, play) үйрендік. Өздеріңіздің нені істей білетіндеріңіз және нені істей білмейтіндеріңіз, достарыңыздың нені істей білетіндері және нені істей білмейтіндері туралы әңгімелеуді үйрендіңіздер (CL: I can run. He can’t dance.) Ағылшын әліпбиінің Ff және Gg әріптерімен танысып, оларды жазуды үйрендіңіздер! Good job! Goodbye, children!