Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:
22-23 сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу. Уақыты:
Сабақтың мақсаты: аОқушыларға мәтінді оқыта отырып,түсініп оқу дағдысын жетілдіру,дам бойындағы жат қылықтар туралы түсінік беру.
ә Өтірік, өсек,мақтаншақтық сияқты жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
бТабиғатта болатын өзгерістер туралы білімдерін тереңдету, өз ойларын жеткізе білуге баулу.
Пән аралық байланыс : дүниетану, қазақ тілі,сурет..
Әдісі: сұрақ-жауап, сөздік.
Түрі :аралас
Көрнекілігі :көркем суреттер, жұмбақтар.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа назарларын аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1. Ертегіден түсінгенін айту.
2.«.Ақыл ,мен сені іздеп жүрмін.Сен болсаң…» тақырыбына эсса жазганын тексеру.
3.Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдерін айтып, мазмұнын түсіндіру.
Есту зейінін дамытуға арналған «Алыс-жақын» жаттығуы
– Мен қазір әртүрлі дыбыс тіркеулерін айтамын.
– Мынау кім немесе не, анықтаңдар?
– Ол жақын немесе алыс орналасқан ба?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Кіріспе әңгіме.
а)Өздеріне ұнамайтын адаам бойындағы жағымсыз қылықтарды атаңдар.
– Өтірік айтқан кездерің болды ма?
-Өтірікті не үшін айтады?
әМақалдың мағынасын түсіндір.
Мақтаншақтық өтірік айтқызады,
Өтірік көңілді қайтқызады.
2.Оқулықпен жұмыс.
аМәтінді түсініп оқу.
әОқушының іштей оқуы.
бРөлге бөліп оқу.
вМәтіндегі негізгі ойды анықтау.
4.Дәптермен жұмыс.
1-топ: «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам»тақырыбына шағын әңгіме жазу.
2-топ: «Балалы үйдің ұрлығы жатпас»тақырбында оқиғаны өрбіту.
3-топ: Бес жолды өлең құрастыру.
Сергіту сәті. Дидактикалық ойын «Кім зейінді?» Есте сақтауын дамыту
– Жұмбақты зейін қойып тыңдар және олардың жауабын табайық.
IV.Сабақты бекіту.
-Өзіңе адам бойындағы қандай жаман қасиет ұнамайды.
-Әңгімені өзіңше жалғастырып айт..
-Балалардың іс-әрекеті туралы ойыңды айт.
V. Үйге тапсырма.
1. Баланың үйіне келе жатқандағы ойы туралы монологты тауып оқы.
2.Әңгімеден түсінгендерін айту.
VI. Бағалау.