Сабақтың тақырыбы: Ә. Ысқабай «Көктем қандай көрікті!»

0
813
метод печати

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:

26-27 сабақ

Пәні: Әдебиеттік оқу. Уақыты:

Сабақтың мақсаты: Мәтінмен таныстыру, мәтін мазмұны туралы түсінік беру. Мәтінді саналы түсініп, мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөзімен жүйелі баяндауға дағдыландыру. Оқушылардың ақыл – ойын, байқағыштық қабілеттерін, есте сақтауын, қиялын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу баяндау, талдау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ Көрнекілігі: көктем мезгілінің суреті

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

– оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

Абай Құнанбайұлының «Жазғытұры» өлеңін жатқа сұрау. Салып келген суреттерін көрме жасау арқылы бағалау.

Үй тапсырмасын бекіту.

1. Өлеңде көктемдегі адамдардың тіршілігі қалай суреттелген?

2. Өлеңді оқығанда көз алдыңа қандай табиғат бейнесі келеді?

Ребус шешу. Жауабы: Көктем

Жаңа сабақты түсіндіру. Оқулықпен, мәтінмен мен жұмыс.

1. Мұғалімнің мәтінді түсіндіре отырып, мәнерлеп оқып беруі.

2. Оқушылардың іштей оқуы.

3. Дауыстап тізбектеп оқу.

Сөздікпен жұмыс.

Қасат қар – тығыздалып қалған қатқыл қар.

Сергіту сәті:

Қане, қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық

Қарлығаш болып

Ұшып – қонып, Ұшып – қоныпалайық.

Үйге тапсырма.

74 бет, өлеңді жаттау.

Тапсырмамен жұмыс.

Мәтінді бөлімдерге бөліп, жоспар құру.

І. Көктемнің келуі.

ІІ. Даланың құлпыруы.

ІІІ. Ауыл балаларының қуанышы.

ІV. Алтынайдың мақтанышы.

V. Сайранның реніші.

VІІ. Достарының сыйлығы.

Фонетикалық жаттығу «Үйректер»

– Ерте, ерте. Ертеде әжеде екі көңілді үйрек болыпты

Үйректер га-га-га деп ән салады.

– Үйректер қалай ән салады (га-га-га)

Сабақты бекіту.

1. Көктем мезгілі саған неліктен ұнайды?

2. Сайран сияқты көктемді ұнатпайтын достарыңа не айтар едің?

Бағалау.