Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:
41 сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу. Уақыты:
Сабақтың мақсаты: а Оқушыларды мәтін мазмұнын түсіне білуге, мазмұнын ашу арқылы олардың сөздік қорларын толықтыру.
әЕңбек етуге,табиғатқа қамқорлықпен қарауға,қорғай білуге тәрбиелеу.
б Табиғатта болатын өзгерістер жайлы түсіндіре отырып балалардың ой-өрісін,қиялын,шығармашылығын дамыту.
Пән аралық байланыс : дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі: сұрақ-жауап, сөздік.
Түрі :аралас
Көрнекілігі :көктемгі көрніс суреті,сөздік ,жұмбақтар.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.
Сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа назарларын аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
Үйге берілген әңгіменің мазмұнын сұрау
1. «Еңбекпен ел көгерер» мақалының мазмұнын ашу.
2. «Қыста құстар қалай тіршілік етеді » тақырыбында әңгімелеу.
Дидактикалық ойын «Қуыршаққа жиналуға көмектес» /сурет бойынша жұмыс/
Жаңа сабақ.Кіріспе әңгіме.
аСурет бойынша әңгімелеу.
-Суретте жылдың қай мезгілі суреттелген?
-Өздеріңе ұнайтын жыл мезгілі туралы әңгімеле.
әЖұмбақтың шешуін тап.
Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа)
Сергіту сәттері. Қолдың буынына массаж (қарындашты қолданып)
– Қолымызға қарындашты алып, алақанның арасына қарындашты салып жүгіртеміз, «қарындаш алдыға жүгірді, қарындаш артқа жүгірді».
3.Мәтінмен жұмыс.
а «Құмдағы құпия»мәнерлеп оқу.
бОқушылардың түсініп оқуы.
в)Мақалдың мағынасын түсіндір.
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
г)Сұрақтар мен тапсырмалар.
-Темір қандай оқиғаның куәсі болды?
-Құс ұясы неден жасалған екен?
IV.Сабақты бекіту.
аӨздерің құстарға қандай қамқорлық жасайтындарыңды әңгімелеңдер.
ә)Өздерің табиғаттың қандай қызығына куә болдыңдар?
V. Үйге тапсырма.
Мәтін бойынша түсінгенін айту.Бағалау.