Сабақтың мақсаты:
Қола дәуірі кезіндегі климаттың өзгеруі, шаруашылық, қоғамдық құрылыс туралы баяндау.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті, зергерлік өнер, сонымен қоса Ә.Х.Марғұланның зерттеулерін айта отырып, білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: суреттер, қола дәуірі кезіндегі Қазақстанның картасы.
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Мыс өңдеу мен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?
Андрондықтардың баспаналарына сипаттама бер.
Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған?
Жаңа сабақтың жоспары:
Климаттың өзгеруі
Орталық Қазақстан қола дәуірінің ең соңғы кезеңі Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Оның хронологиялық ауқымы б.з.б. 12-8 ғасырларды қамтиды.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
Б-Д мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі-обалар. Андрондықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтармен бекітілген.
Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды.
Шаруашылығы
Қоғамдық құрылысы
Қола дәуірі кезінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары-абыздар пайда болды. Олар рудың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады.
Сабақты бекіту:
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?
Оқулықтың мәтінін пайдаланып, көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле
Б-Д мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстыр.
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 9. Шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер.
«Ру мен тайпа кеңесі» қосымша материал