Сабақтың мақсаты:
Жаңа тас ғасыры, яғни неолит дәуірі туралы , оның ең үлкен жаңалығы туралы айта отырып, белсенді, білімді, бәсекеге барынша қабілетті патриот тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: суреттер, сызба, т.б.
Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру
III Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау,бағалау
VI Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Садақ пен жебе қай кезеңде жасалынды?
Ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталады?
Малды қолға үйрету мен егіншілік қай кезеңде қалыптаса бастады?
Егіншілік қашан пайда болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
Неолит тұрақтары
Жаңа тас ғасыры (неолит) б.з.б. 5-3 мың жылдықтар аралығын қамтыды
Қазақ жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі б.з.б. 5 мыңжылдыққа тән
Неолит ескерткіштері
Солтүстік Қаз-дағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар
Балқаштың солтүстігінен
Орталық қазастанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан
Жезқазған өңірінен Шығыс Қазақстан аумағынан көптеген ескерткіштер табылды.
Өндіргіш шаруашылыққа көшу.
Қазақстан аумағынан неолиттің 500-ден аса тұрақтары табылған
Көзе-саздан жасалған қыш ыдыс
Неолит дәуірінің тағы бір үлкен жаңалығы-адамдардың қыш құмыра (керамика) жасауды үйренуі еді. Бұл дәуірді сондықтан кейде «қыш құмыралар заманы» деп те атайды.
Сабақты бекіту:
Картаны пайдаланып, неолитті тұрақтарды көрсет.
Неолит дәуіріндегі адамдар өміріндегі өзгерістерді ата. Адамдар қандай жаңалықтар ашты?
Оқулықты пайдаланып, Сексеуіл тұрақтарыа сипаттама бер.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §5. Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің кезеңдері кестесін дәптерлеріне көшіріп, жаттап келу.