Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу. Есептер шығару.

0
885
познание мира

Реті:32

Пән: алгебра

Сынып: 7 ә 7в

Күні:

Мақсаттары:

Білімділік: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілін білу.

Дамытушылық: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу әдісін практикада дұрыс қолдана білуі.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың жоспары: 1) Сәлемдесу

2) Оқушылар тізімін тексеру

3) Сабақтың мақсатымен таныстыру

4) Оқушылардың сұрақтарына жауап беру, талдау.

5) Практикалық бекіту

6)Үйге тапсырма беру

7) Қорытындылау, бағалау

Қайталауға арналған сұрақтар.

Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірінші көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу қажет.

Көпмүшені екі немесе бірнеше көпмүшенің көбейіндісі түріне келтіруді көпмүшені көбейткіштерге жіктеу деп атайды.

2у-21у2=3у*3х2-3у*7у онда 9х2у-21у2=3у(3х2-7у)

ас-вс+ак-вк=(ас-вс)+(ак-вк)=с(а-в)+к(а-в)=(а-в)(с+к)

Қайталауға арналған есеп:

Тік төртбұрыштың ұзындығы енінен 3 есе үлкен. Егер оның енін 4 метрге ұзартып, ал ұзындығын 5м-ге қысқартсақ, онда тік төртбұрыштың ауданы 15м2-ге артады. Тік төртбұрыштың өлшемдерін табыңдар.

2) Бүтін санның квадратынан осы санның өзін азайтқанда жұп сан шығатынын көрсету керек.

Практикалық бөлім:

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №282

Үй жұмысы: № 283/3,4/, ережелерді жаттау

Бағалау

Бағалау:Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау.