Реттік санау. Нешінші?

0
967
числа

9 -ші сабақ

Сабақтың тақырыбы: Реттік санау. Нешінші?

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: «Реттік санау» түсінігімен таныстыру; өтілген материалдарды бекіту.

2.Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: жаңа сабақты түсіндіру

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың көрнекіліктері: әтештің, иттің, тасбақаның суреттері.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Спортпен шұғылдан,

Сұлулық сыйлаған.

Сол саған пайдалы іс.

Сауық пен кинодан.

– Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келіп тұр?

-Қалай ойлайсындар ,ол қандай себеппен келіп отыр ?

-Дымбілмес бізбен бірге оқысы келіп тұр.

-Оны қайдан білесіндер?

-Оның қолында оқулық бар.

-Өте жақсы, білгенімізді оған айтып берейік, ал білмегенімізді біліп алайық.

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

1. Кез келген саннан бастап тура және кері бағытта санау үшін қажетті жаттығу жұмыстары жаңа сабаққа дайындық ретінде ауызша жұмысқа енгізіледі. «Не өзгерді?», заттардың екі тобын салыстыруға арналған «Пойыз құрастыру» ойындары жүргізіледі.

2.Геометриялық фигураларды атау.

-Шаршының неше қабырғасы бар?

-Үшбұрыштың неше қабырғасы бар?

-Үшбұрыштың неше төбесі бар?

IІІ. Жаңа материалмен жұмыс.

Жаңа материалмен танысу практикалық жұмыстан басталады. Мұғалім оқушыларды қатарға тұрғызады: «Бірінші Айдос тұр, оның артында кім тұр? Ол -екінші. Үшінші кім тұр? Төртінші ше? Қатарда неше оқушы тұр? Марат пен Айгүлдің арасында кім тұр?» Мұғалім бірінші тұрған оқушыны отырғызады: «Енді қатарда неше оқушы бар? Бірінші кім тұр? Екінші ше? Үшінші ше? Соңғы тұрған кім? Енді айналып бұрылып тұрындар. Енді кім бірінші тұр? Екінші ше? Соңғы кім? т.б.» мұндай жаттығулардың басқа да түрлерін санау материалдармен өткізуге болады.

ІV. Оқулықпен жұмыс .

№1 тапсырма өткізілген практикалық жұмысқа ұқсас жүргізіледі. Бұл тапсырмамен «Шешуін тап» сияқты ойын түрлерін өткізіледі. «Бұл кейіпкер… алдында, бірақ …. кейін тұрады. Бұл қай кейіпкер?» деп, қай ертегідегі кейіпкер екендігін тапқызады.

Алған білімдерін бақылау үшін мұғалім балаларға «Нешінші? Қай?» сұрақтарын қатыстырып, өздерінің сұрақтарын ойластыруды ұсынуға болады. Ол үшін №2 тапсырма пайдаланылады:

-Өрт қай қабаттан шықты ?

-Қай машина алда келеді?

-Реті бойынша мотоциклші нешінші келеді?

№3 тапсырма былай орындалады: «Егер бірінші қабаттағы терезеден ит пен әтеш қарап тұрса, онда жабық тұрған терезе -тасбақаның терезесі», т.с.с.

V.Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық

Бір отырып, бір тұрып

Бір отырып, бір тұрып

Демалғасын отырайық.

VI.Дәптермен жұмыс 16-17 бет

Алғашқы бекіту жұмысы үшін №1 тапсырма дәптерде орындалады. Мұғалім жолдан бастап санағанда үшінші, бесінші үйдің шатырын жасыл түспен боя, ағаштан бастап санағанда екінші үйдің төртінші қабатындағы пәтердің шамын жақ және осы сияқты тапсырмаларды таңдап алады.

VII. Өтілген материал бойынша жұмыс.

№2 тапсырма заттардың екі тобын теңестіруге арналған .

№3 тапсырма ( «Сиқырлы суреттер») бойынша ұсынылған фигураларды пайдаланып, толықтыру арқылы өз қалауынша сурет салады.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ -жауап арқылы сабақты бекіту.

-Балалар, қалай ойлайсындар, Дымбілмеске біздің сабағымыз

ұнады ма?

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?

ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.