Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан. Деректі, дерексіз зат есім.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
деректі және дерексіз зат есімді түсіндіру , сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: деректі және дерексіз зат есімді меңгеру, Оңтүстік Қазақстан
туралы өз ойын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 – тапсырма. ( «Қазақстанның табиғаты» мәтінін мазмұндау)
ІІІ. Жаңа сабақ
– тапсырма. «Оңтүстік Қазақстан» мәтіні бойынша топтық жұмыс.
Мәтінді оқиды.
Мәтінді аударады
Мәтінді мазмұндайды
Мәтін бойынша сұрақ құрайды.
2 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден деректі және дерексіз зат есімдерді табу.
Құрамына қарай талдау.
3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден тәуелдік жалғауы бар сөздерді табу.
Ережемен жұмыс
Зат есім мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:
Деректі зат есім: мектеп, табиғат, орман, т.б.
Дерексіз зат есім: ой, сөз, арман, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
1 – тапсырма («Оңтүстік Қазақстан» мәтінін мазмұндау).
Мәтіннен деректі және дерексіз зат есімдерді табу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау