Оксидтердің жіктелуі,аталулары мен алу жолдары.

0
1199
физика

Сыныбы: 8 сынып

Күні:

5-тарау. Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары.

Сабақ тақырыбы: Оксидтердің жіктелуі,аталулары мен алу жолдары.

Оқыту мақсаты: Оксидтер жайлы алған білімдерін еске түсіру арқылы жіктелуін, аталуын,кейбір оксидтердің алу жолдарын қорытындылау.

Реактивтер мен құралдар: Темір(ІІІ)оксиді,сутек оксиді,магний оксиді, фосфор(V) оксиді,хром(ІІІ)оксиді,мырыш оксиді,кальций оксиді,мыс(ІІ)оксиді,т.б.

Көрсетілім: Оксидтердің үлгілерімен танысу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ: Бейорганикалық заттардың жіктелуін еске түсіру. Оқушылар бейорга- никалық заттардың жіктелу кестесін бұрын алған біліміне сүйене отырып жасайды. Ол келесі сабақта толықтырылып, жалғасын табады.

Бейорганикалық заттар

Жай зат Күрделі зат

Металл Бейметалл Оксид Қышқыл Негіз Тұз

Негіздік Екідайлы Қышқылдық

Жай және күрделі заттардың ережесін еске түсіреді. Күрделі заттардың негізгі кластарының ережелері сұралады. Содан кейін оксидтерді жіктеуді жалғастырады. Негіздік, екідайлы, қышқылдық болып бөлінеді, оларға мысалдар келтіру. Оксидтердің құрылымдық формулалары жазылып көрсетіледі.Оқулықпен жұмыс істеу арқылы жаңа тақырыптағы мазмұнды білу. Оксидтердің алынуы тірек-сызба арқылы түсіндіріледі.

Оқушыларға қысқа мерзімдік өзіндік жұмыстарын ұсыну:

1-нұсқа. Есептер мен жаттығулар жинағы(71-72бет), 4-2, 4-4, 4-17.

2-нұсқа. Есептер мен жаттығулар жинағы(71-72бет), 4-3, 4-5, 4-18.

Өздік жұмысты талдай отырып, түсіндірілген тақырыпты толық бекіту үшін оқушыларға сұрақтар қойылады және тапсырмалар беріледі:

Оксидтер деп нені айтады?

Негіздік және қышқылдық оксидтердің ұқсастығы мен айырмашылығын айтып беріңдер?

Суда еритін және ерімейтін оксидті атаңдар?

Күкірт(IV)оксиді,калий оксиді,темір(ІІІ)оксидтеріне сәйкес келетін гидроксидтердің формуласын жазыңдар?

Есептер мен жаттығулар жинағынан орындау (71-72бет):

4-1. Формулалары келтірілген заттардың ішінен: KOH,H2S,H2O,CO2,AICI3,AI2O3,FeO, ,,,,,,,,,Fe2O3 тек қана оксидтердің формулаларын теріп жазыңдар.

4-19. Мына қосылыстар:BaO,CuO,AI2O3,FeO,SO3,SO2,ZnO,P2O5,K2O,SrO оксидтердің қай түріне жатады. Төмендегі үлгі бойынша жіктеп,тұстарына аттарын жазыңдар.

Негіздік оксид

Екідайлы оксид

Қышқылдық оксид

Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Оқушылар оксидтердің жіктелуі,аталуы мен алу жолдарын жоспарлы түрде айтып бере білуі керек. Суда еритін және ерімейтін оксидтерге мысалдар келтіре отырып, екідайлы оксидтердің ерекше қасиеттерін айта білу.

Үйге тапсырма: §44 (1-2). Есептер жинағынан 4-10,4-11, Жұмыс дәптері.

химия