Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Тест.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: модуль бойынша оқылған тақырыптарды қайталап,
лексиканы қорытындылау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тест парақтары
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: лексиканы меңгеру, өз мектебі жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Менің мектебім» тақырыбына әңгіме жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
- Синоним дегеніміз не?
- Антоним дегеніміз не?
- Омоним дегеніміз не?
- Мектепте нелер бар?
- Мектеп туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
2– тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.
1. «Әдемі», «сұлу», «көркем» деген сөздер қандай сөздер ?
А) синоним Ә) антоним Б) омоним
2. Антоним сөзді көрсет.
А) мектеп, сабақ Ә) үлкен, кіші Б) ата, әже
3. Омоним болатын сөзді атаңдар.
А) секіру Ә) ою Б) жүгіру
4. Буынға дұрыс бөлінген сөздерді табыңдар.
А) ше-бер-ха-на Ә) шеб-ер-ха-на Б) ше-бе-рха-на
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
Өткенді қайталау
VІ. Бағалау бөлімі
Нәтиже сабақ бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау