Нәтиже сабақ «Менің Отаным». Тест.

0
842
компьютер

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Менің Отаным». Тест.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: модуль бойынша тақырыптарды қорытындылап,

зат есім мен тәуелдік жалғауын пысықтау, сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тест

Сабақтың көрнекілігі: сөздік, тест парақтары

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: тәуелдік жалғауын және зат есімді меңгеру, Қазақстан туралы

өз ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма («Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз» мәтінін мазмұндау).

«Жаңа жыл кеші» тақырыбындағы әңгімелерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Тәуелдік жалғаулары туралы не білесіңдер? Айтып беріңдер.

2. «Отан» деген не?

3. Қазақстанның табиғаты қандай?

2 – тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1. Сызбаны толтыр.

Дауыстыдан кейін І ж … , ІІ ж … , ІІІ ж … .

2. Қазақстанның қазіргі астанасын ата.

А) Қызылорда

Ә) Астана

Б) Алматы

3. Сөздерді аудар: свободно, Родина, сильный, жить

4. Тәуелдік жалғауы бар сөзді тап:

Менің Отанымның жері байтақ. Елімнің табиғаты бай.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау