Метро деген не? Ілік және барыс септіктері.

0
793
литература

Сабақтың тақырыбы: Метро деген не? Ілік және барыс септіктері.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

ілік және барыс септіктерін түсіндіру , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, бес жолды өлең

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: ілік және барыс септіктерін меңгеру, Алматы қаласы

жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2-тапсырманы сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Сөздікпен жұмыс

қонақ үй – гостиница ескерткіш – памятник

сауда – торговля мұражай – музей

1-тапсырма. Жоғарыдағы сөздікті пайдаланып, диалогты толықтырыңдар.

2 – тапсырма. «Метро деген не?» мәтінін оқып, сұрақ құрау. Ілік және барыс септігінде

тұрған зат есімдерді теріп жазыңдар.(суреттермен жұмыс)

3-тапсырма. Суреттер бойынша әңгіме құрау.

Бес жолды өлең

1. Зат есім – қала

2. Сын есім – әдемі, үлкен

3. Етістік – қыдырамын, гүлденеді, бой көтереді

4. Сөйлем – Әдемі қалада үлкен ғимараттар бой көтереді.

5. Синоним – шаһар, кент

Ережемен жұмыс

Ілік септігінің сұрақтары: кімнің? ненің?

Жалғаулары: -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің. Мысалы: оқушының, көшенің, т.б.

Барыс септігінің сұрақтары: кімге? неге? қайда?

Жалғаулары: -ға, -ге, -қа, -ке, -на, – не, -а, -е. Мысалы: оқушыға, көшеге, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

2-тапсырма (Мәтінді мазмұндау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау