Сабақтың тақырыбы: Менің атам мен әжем.Шылау.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
шылауды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: ата мен әже туралы өз пікірлерін айта білу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сөздерді тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Өз ата-әжең туралы айтыңдар.
1) мінезі (мейірімді, мейірбан, тік, ашық)
2) бойы (ұзын, қысқа, орта бойлы)
3) көзі, шашы (түсі – қара, сары, көк)
Ережемен жұмыс
Шылау
Грамматикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі болмайтын сөз табы шылау деп аталады.Мысалы: дейін, шейін, және, не, яки, бірақ
Бес жолды өлең
1. Зат есім – ата
2. Сын есім – ақылды, мейірімді
3. Етістік – ертегі айтады, ақыл береді, еркелетеді
4. Сөйлем – Менің атам маған көп ертегі айтады.
5. Синоним – қария
2-тапсырма. Мына сөздерді қатыстырып, шылауы бар сөйлем құрастыр.
Ата, әже, әңгіме, ертегі, көңілді, қамқор, шаршамайды.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
3 – тапсырма (Сұрақтарға жауап беру)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау