Сабақтың тақырыбы: Мектеп кабинеттері. Антоним.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
антонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер, тірек-сызбалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: антонимдерді меңгеру, мектеп кабинеттері жөнінде өз пікірін айта
білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Оқушының міндеті – кезекшілік» мәтінін мазмұндау. Өздері 5 синонимдік қатар табу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып жазыңдар.
Қарамен жазылған сөздердің бірнеше мағынасын айтып түсіндіріңдер.
2 – тапсырма. Мақалды жаттаңдар.
3 – тапсырма. Синоним сөздерді жаттаңдар.
4-тапсырма. Сөздер тобынан антонимдерді табыңдар. Үлгі бойынша сөз тіркестерін
құрастырыңдар.
6-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
ІІІ деңгей.
1. Көп нүктенің орнына сурет пен үлгіні пайдалана отырып, керекті сөздерді тауып
жазыңдар.
ІІ деңгей.
1. Тірек-сызбаларды пайдалана отырып, сөйлемдер құраңдар.
І деңгей.
1. Өз мектебіңнің тарихы туралы айтып беріңдер.
Ережемен жұмыс
Синоним сөздер – мағыналары бірдей сөздер.Мысалы: ат – есім – ныспы; мұғалім-ұстаз-оқытушы; оқушы-шәкірт; әдемі-сұлу-әсем, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
5-6 тапсырма.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау