Дүниетану |
Уақыты: |
Мұғалім: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Көз – көру мүшесі |
|||
Сабақтың жалпы мақсаты |
Оқушыларға адамның сезім мүшелері туралы және адамға қоршаған ортаны бағдарлауға,көмекші көз екені туралы білімдерін кеңейту.Оқушыларды көздің қадірін түсіне білуге,оның гигиеналық талаптарын сақтауға тәрбиелеу.Көзді сақтай отырып,ойлау қабілетін,ойы мен тілін дамыту. |
|||
Әдіс-тәсілдер |
түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру,әңгімелеу |
|||
Көрнекіліктер |
Көзді суреті салынған плакат . |
|||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|||
Сыныптаынтымақтастықатмосферасынқалыптастыру |
Би «Қаражорға» |
|||
Топқабөлу |
Оқушыларды плакатка көздің тарихы жайында шағын эссе жазу тапсырылады . |
|||
Үй тапсырмасын сұрау |
Үйге берілген «Мұрын» тақырыбын оқытып, мазмұнын сұрау. Үй тапсырмасын |
|||
Қызығушылықты ояту |
1)Отырып жасалады. 3-5 секунд созылған оң қолыңның сұқ саусағына қара, содан сол қолыңның алақанымен сол жақ көзіңді 3-5 секундқа жаба тұр, осы арада оң жақ қолыңды бүгіп және жазып тұр. Ал енді керісінше оң қолыңмен оң жақ көзіңді жауып орында. 2)Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап, осылай 5 секунд тұрамыз. 3)Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз |
|||
Жаңа материалмен жұмыс. |
1. Көрудің маңызы. Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден 90%- дан көп ақпарат алады. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстарды, денеміздің өзін ең алдымен көру арқылы қабылдаймыз. Көруге байланысты тұрмыстық және еңбек дағдыларын, мінез – құлықтың белгілі бір ережелерін орындауды үйренеміз. Көру арқылы жазуға, оқуға үйренеміз. Қоршаған табиғаттағы, сәулет өнері, мүсін өнері, балет, кескіндеме, кинодағы әдемілікті көреміз. |
|||
Ой толғаныс |
Сен білесің бе? Көз туралы қызықты мәліметтер -Жағымды заттар көргенде адамның қарашығы 45% дейін ұлғаяды. -Ер балаларға қарағанда қыз балалар көзін екі есе жыпылықтатады екен. -Көзді ашып түшкіру мүмкін емес. -Көк көзділер ауруға сезімталдау. -Тез оқығанда көз аздау шаршайды. -Көз астына қарағанда үстінде кірпік көптеу. -Аралардың көзі бесеу болады. Екі үлкен,үш кішкентай. -Ал құмырсқалар болса жұлдыздарды күндізде көре алады екен. -Шаянның көзі антенна сияқты шошайып шығып тұратын бұтақшаларында орналасқан.Тіпті құйрығында да орналасқан көзі бар екен. |
|||
Үйге тапсырма беру. |
Көз жайында мақал азып келу . |
|||
Бағалау |
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою. |
|||
Кері байланыс |
Оқушылар стикерге көз жайында нақыл сөздер жазып , тақтаға жабыстырады |