Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Менің отбасым. Үндестік заңы.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
үндестік заңын түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек – сызба
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: үндестік заңын меңгеру, отбасы жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өтілген модульді еске түсіру, пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Сызба бойынша сөз тіркестерін құрастырыңдар.
Отбасы мүшелері
ата апа әже
әке шеше ана
ұл аға қыз апа әпке
Іні қарындас сіңлі
3 – тапсырма. Суреттер бойынша әңгіме құраңдар.
4 – тапсырма. Сөйлемдерді дауыстап оқыңдар. Сөздердегі үндестік заңын көрсетіңдер.
5 – тапсырма. Сөз тіркестерін оқып, аударыңдар.
Ережемен жұмыс
Үндестік заңы бойынша:
1. Қазақ тілінің сөздері не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болады. Мысалы: ата, әке
2. Сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жуан қосымша жалғанады. Мысалы: ата-лар
3. Сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жіңішке қосымша жалғанады. Мысалы: әже-лер
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
1- тапсырма (Тірек-сызба бойынша диалог құрау).
2 – тапсырма (сурет бойынша әңгіме құрау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау