Д.И.Менделеевтің периодтық заңы.

0
955

№3-інші сабақ тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық заңы.

Оқыту мақсаты: Периодтық заңның мәнін,оның негізгі қағидаларын түсіну.Әрбір элементерге тән химиялық қасиеттерді талдай отырып, олар периодта орналасуына байланысты екенін түсіндіру. Элементтер және олардың қосылыстары жайлы мағлұмат алу алу үшін периодтық заңның маңызын түсіну қажеттігі.

Құрал – жабдықтары: Алғашқы 20 элементтің таңбасы жазылған қиықтар.

Сабақ барысы : Ұйымдастыру кезеңі.

Білім мен біліктерін тексеру : Оқушылар сабақтың барысында өздеріне таныс элемент терді жіктеудегі алғашқы қадамдарды естеріне түсіреді:

  1. Элементтерді екі топқа бөлу:металдар және бейметалдар.

  2. Үш класқа бөлу: металдар; екідайлы қосылыс түзетін элементтер;бейметалдар;

  3. Жалпы қасиеттеріне байланысты табиғи тектерге бөлу: салыстырмалы атомдық массалары және қосылыстардағы валенттіліктері.

Жаңа сабақ : Д.И.Менделеев химиялық элементтерді жіктеуді одан әрі жалғастырғанда, олардың салыстырмалы атомдық массасының өсу ретімен орналастыруды басшылыққа алған. Сонда элементтер қасиеттерінің белгілі бір элементтен кейін қайталанатынына көңіл аудар ғаны айтылады. Сөйтіп қасиеті ұқсас элементтерді бірінің астына бірін орналастыру нәтиже сінде табиғи топтар анықталған. Осыдан кейін оқушыларға Д.И.Менделеевтің жолын қайталау ұсынылады. (Ол үшін қиықтар қолданылады). Элементтердің қасиеттері атомдық массаның өсуіне қарай:

  1. элементтің сипаты:(металл,ауыспалы элемент,бейметалл);

  2. жоғары оксидтеріндегі валенттілігі;

  3. ұшқыш сутекті қосылыстарындағы валенттігі өзгеретініне көңіл аударамыз.

Оқушылар элементтердің қасиеті қосылыстардағы валенттілігі мен атомдық массасының өсуіне байланысты периодты түрде өзгереді деген қорытындыға келеді.Мұның өзі Д.И.Менделеев ке элементтерді салыстырмалы атомдық массаларының өсу реті бойынша орналастырып, периодтық заңды ашуға мүмкіндік берді. Осы заңдылықты 1869 жылы Д.И.Менделеев элемент тердің периодтық жүйесін жасағанда периодтық заң түрінде тұжырым дады.Қазіргі кездегі атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заңның ережесі: химиялық элементтің,олар түзетін жай заттарының және қосылыстарының қасиеті атом ядросының зарядына периодты түрде тәуелді болады.Оқушылар ережені талдай келе өздері оның маңызын түсінеді,дүниета -нымдылық көзқарастары қалыптасады.

Периодтық заң және периодтық жүйені ашуда Д.И.Менделеевтің еңбегі зор. Атомдық масса ның өсуін негізге ала отырып,кезінде Д.И.Менделеев болжаған элементтер кейін ашылды. Бұл сол кездегі атом және молекула туралы жаңа көзқарастың қалыптасуына жол ашты.

Сөйтіп, Д.И.Менделеев болжаған элементтердің толығымен ашылып, табиғатта кездесетін және жасанды жолмен алынған элементтердің бәрі периодтық жүйе де тиісті орын алғанын айту қажет. Элементтердің: металдық, бейметалдық қасиеттері, жоғары оксидтеріндегі валенттіктері, ұшқыш сутекті қосылыстарындағы валенттіктері, оксидтерінің қасиеттері, гидроксидтерінің қасиеттері былай өзгереді.

7 Li 9Be 11B 12C 14N 16O 19F 20Ne Металдық қасиет кемиді, бейметалдығы артады

І ІІ ІІІ IV V валенттіліктері өседі

Li2O BeO B2O3 CO2 N2O5 – – –

Негіздік Екідайлы Қышқылдық оксидтер

LiOH Be(OH)2 H3BO3 H2CO3 HNO3 – – –

Негіз Екідайлы Өте әлсіз Әссіз Күшті

Гидроксид қышқыл қышқыл қышқыл

IV III II I валенттіліктері кемиді

CH4 NH3 H2O HF –

Сабақты бекіту үшін тапсырма беру. Na-ден Ar-ға дейінгі элементтердің: металдық, бейметал дық қасиет тері, жоғары оксидтеріндегі валенттіктері, ұшқыш сутекті қосылыстарындағы валенттіктері,оксидтерінің қасиеттері,гидроксидтерінің қасиеттері қалай өзгереді?

Оқытудың жоспарланған нәтижесі :Оқушылар Д.И.Менделеев ұсынған периодтық заңның ереже сін айтып,нақты мысалдар келтіре отырып, жеке-жеке элементке және оның қосылыстарына сипаттама бере білуі қажет.

Дамытудың жоспарланған нәтижесі . Окушылар элемент және оның қосылыстарының қасиет- терін период бойынша талдай білуге үйренеді.

Үйге тапсырма : §52. (1-7). Жұмыс дәптері.

химия