Сабақтың тақырыбы: Аялдамада. Дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
дауыссыз дыбыстарды түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: дауыссыз дыбыстарды меңгеру, аялдама жөнінде өз пікірін айта
білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
2-3 тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып, рөлге бөлініп әңгімелесіңдер.
Аялдамада
– Сәлеметсіз бе, апай!
– Сәлеметсің бе, балам!
– Апай, вокзалға қандай автобуспен баруға болады?
– Вокзалға … автобустармен баруға болады.
– Балам, сенің атың кім?
– Менің атым – … .
2 – тапсырма. Осы модульдегі жаңа сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін
құраңдар. Бір сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.
Ережемен жұмыс
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үш түрге бөлінеді:
- Қатаң дауыссыздар: п,т,с,ч,ц,ф,х,ш,щ,к,қ -11
- Ұяң дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,һ – 8
3. Үнді дауыссыздар: р,л,м, н ,ң, й ,у – 7
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
3 – тапсырманы орындау
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау