Аю мен лақ. Есімдікті қайталау.

0
1022
физика

Сабақтың тақырыбы: Аю мен лақ. Есімдікті қайталау.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

есімдік пен оның түрлерін қайталау, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: есімдіктерді меңгеру, аю мен лақ туралы өз ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма («Қазақстанның жануарлар әлемі» мәтінін мазмұндау).

Мақал – мәтелдермен жұмыс.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. «Аю мен лақ» мәтінімен топтық жұмыс.

Мәтінді оқу

Мәтін бойынша сұрақ құрау

Мәтінді мазмұндау

Мәтіндегі тірек сөздерді табу

2 – тапсырма. Суреттер бойынша жануарлар туралы әңгіме құрау.

3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден есімдіктерді тауып, морфологиялық талдау жасау

4 – тапсырма. Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңдар.

Көйлек кімдікі ? Маржандыкі

Орамал кімдікі? Сәуленікі

Тұтқа ненікі? Сыныптікі

Аула ненікі? Мектептікі

Терезе ненікі? Есіктікі

Еден ненікі? Үйдікі

Ережемен жұмыс

Есімдіктерді қайталап, еске түсіру.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Аю мен лақ» мәтінін мазмұндау).

Өздері ертегі құрау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау