Атом – молекулалық ілім

0
1080
преподавание

Күні

Сабақтың тақырыбы: Атом – молекулалық ілім.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың атом және молекула жайлы білімін бір жүйеге келтіру ол ұғымдарды жинақтай білу. Дамытушылық: Заттар жайлы ұғымды түсіну ғылымда атом – молекулалық ілімнің рөлін көрсету.Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар: М.В.Ломоносовтың, Д.Дальтонның портреттері.

Тірек білім мен біліктер. Атом молекулалық негізгі қағидалары.

Сабақтың барысы: Сабақтың бас кезінде жалпы жаттығу жұмысын өткізу. Оның мақсаты оқушылардың валенттілікке сүйеніп заттың формуласын құра білуін тексеру.

1 – нұсқа

1.Мына элементтердің: Mn(VII), Cr(VI), Na(I) оттегімен түзетін қосылысының формуласын құр.

2.Мына элементтердің: K(I), AI(III), Pb(II)фтормен F(I) түзетін қосылыстарының формуласын құр.

2 – нұсқа

1.Мына элементтердің: Hg(II), Ba(II), Ag(I) хлормен CI(I) түзетін қосылысының формуласын құр.

2.Мына элементтердің: Fe(II), K(I), Cr(III) күкіртпен S(II) түзетін қосылыстарының формуласын құр.

3 – нұсқа

1.Мына элементтердің: Cu(I), Fe(III), Ca(II) оттегімен түзетін қосылысының формуласын құр.

2.Мына элементтердің: Na(I), Zn(II), AI(III) хлормен CI(I) түзетін қосылыстарының формуласын құр.

4 – нұсқа

1. Мына элементтердің: AI(III), Ag(I), Pb(II) күкіртпен S(II) түзетін қосылысының формуласын құр.

2. Мына элементтердің: P(V), S(VI), Zn(II) оттегімен түзетін қосылысының формуласын құр.

Жаңа материалды оқыту. Жаңа материалды оқыту мынадай жоспармен жүргізіледі:

  1. Мұғалімнің ежелгі грек ғалымдарының атом туралы көз қарастары және атом деген атау қалай берілгендігі туралы хабары.

  2. М.В.Ломоносов атом – молекулалық ілімінің негізгі бағыттары, оны ағылшын ғалымы Джон Дальтон дамытуы және сол кездегі белгілі болған элементтердің атомдық массасын табуға арналған жұмыстар.

  3. Карлсруэ (1860) қаласында өткен халықаралық химиктер съезінде атом молекулалық ілімді түпкілікті бекіту және атомның бөлінбейтіндігі туралы көз қарасты өзгерту, молекула және атом ұғымдарының анықтамаларын қабылдау;

  4. Атом – молекулалық теория негіздерінің жаңа көзқарастарынан алған қағидалары.

  5. Физикалық және химиялық құбылыстарды атом – молекулалық көзқарас тұрғысынан түсіндіру (диффузия,физикалық және химиялық құбылыстар).

Мұғалім қазіргі күнге дейін маңызы зор атом – молекулалық ілімнің химиядағы негізгі теория екенін түсіндіре бастайды. Атом – молекулалық ілімді алғаш химияға пайдаланып, оны әр қарай дамытқан ғалым М.В.Ломоносов еді. Ілімнің негізгі қағидалары төмендегідей:

1.Барлық заттар «корпускуладан» тұрады.(молекулшаны Ломоносов солай деп атаған)

2.Молекулалар элементтен тұрады. (атомды Ломоносов солай деп атаған)

3. Бөлшектер – молекула және атом үнемі қозғалыста болады.

4.Жай заттың молекулалары бірдей атомдардан, ал күрделі заттың молекулалары әр түрлі атомдардан тұрады. Одан ары қарай заңды оқып үйрену жоғарыда берілген жоспармен жүргізіледі.

Жаңа материалды бекіту. Жаңадан оқып үйренген тақырыпты есте сақтау үшін оқушылар төмендегідей сұрақтарға жауап береді:

а) атом – молекулалық ілімнің негізгі мәнін түсіндір;

ә) тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтық молекуласындағы қозғалысты түсіндір.

б) атом – молекулалық теория тұрғысынан физикалық және химиялық құбылыстардың мәнін түсіндір;

в) тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтың молекуласындағы қозғалысты түсіндір;

Егер уақыт жетсе сабақ соңында заттың құрамын анықтауға және валенттілікті біле отырып, заттың формуласын құруға төмендегідей тексеру жұмыстарын өткізуге болады.

1.Берілген жалпы оттегі қосылыстарының ішінен сәйкес келетіндерін таңдап ал. Егер фосфор (V), хлор (VII) валентті болса: R2O, R2O5, R2O7, RO, R2O3;

2.Берілген формулалардың WO3; Cr2O3; N2O5; Ag2O; Fe2O3; ішінен оттегі қосылыстарын таңдап ал. а) элемент бір валентті болса; б) элемент үш валентті болса;

3.Формуласы берілген: NO; H2S; FeCI3; AICI3; AI2O3; Mn2O7; Fe2O3; NaCI; N2O5; заттардың сәйкес аттарын тап: азот (V) оксиді; алюминий оксиді, темір (III) хлориді; күкірт (VI) оксиді; темір (III) оксиді; алюминий хлориді; Үйге тапсырма беру: §16. (1-9) Жұмыс дәптері.

химия