Тақырыбы |
§3.6. Сутектік химиялық байланыс. |
уақыты |
Білімділік мақсаты: дамытушылық:
тәрбиелік: |
Сутектік байланыс,оның шығуы,металдық байланыстың табиғаты туралы білімдерін жүйелеу,тереңдету; Металдық байланыспен берілген заттарды сипаттай білу,атомдардан иондардың түзілу схемасын құрастыра білу,химиялық байланыстың түрлерін анықтай білу,ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау,салыстыру, білім-білік дағдыларын дамыту; сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру . |
|
Сабақ типі: |
Білімді тереңдету сабағы. |
|
Сабақ өткізілу түрі: |
Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу, |
|
Құралдар мен реактивтер: |
Кітап, дәптер, интерактивті тақта . 10- ЕТЖ -1, ас тұзы, йод, қант, өзен құмы спиртовка,мақта. |
|
Ұйымдастыру кезеңі: |
(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. |
1-2 |
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі : |
Сабақтың білімділік мақсаты: – үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; – білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; – кеткен кемшіліктерді жою. 1.Жаттығуды тексеру. |
5-7 |
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
|
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау. Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімділік міндеттері: -оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру. -оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға; – оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. 2.Оқыту проблемалары: Сутектік байланыс 3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ): 1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс) А).Металдық байланыс қалай түзіледі? Ә).Сутектік байланыс пен айырмашылығы мен ұқсастығы неде? Б). Металдардың физикалық қасиеті қалай түсіндіріледі? В)Ковалентті байланыстың қандай қасиеттері бар? |
3-4 |
Жаңа сабақ түсіндіру. |
Білімділік міндеттері: -оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету; -нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу; – оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету; -түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету; -оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету. Жаңа сабақ материалын түсіндіру: Сутектік байланыс – бұл бір молекуладағы оң полюстенген сутек атомы мен екінші бір молекуладағы теріс полюстенген фтор, оттек және азот (кейде хлор, күкірт және т.б.) атомы арасында түзілетін ерекше байланыс. Ол көбінесе молекулааралық кейде молекулаішілік болады. Молекулааралық сутектік байланыс су молекулаларының арасында пайда болады. Судың дипольді молекуласындағы ортақ электрондық жұп сутек атомынан электртерістігі үлкен оттек атомына күштірек ығысқан, сондықтан сутектің оң заряды аз ғана көлемде, яғни протонның өзінде шоғырланған. Түгелдей дерлік «жалаңаштанған» протон кез келген басқа су молекуласындағы оттек атомының бөлінбеген жұбының бұлтына тартылады. Нәтижесінде сутектік байланыс деп аталатын жаңа байланыс түзіледі: Н Н Н—–О…..Н—-О Н—-О ——- О Н Н Н Н О Н Сызбанұсқадан сутектік байланыстың пайда болуынан судың екі, тіпті үш молекуласы бірігіп, ашық немесе циклді (сақиналы) құрылымдар түзетіні көрініп тұр. Әдетте сутектік байланысты нүктелермен белгілейді, бұл оның коваленттіе байланыстан шамамен 5-20 еседей, яғни әлдеқайда әлсіз екенін көрсетеді. Алайда осы байланыстың әсерінен су молекулалары ассоциацияланады (бірігеді) әрі сондықтан сұйық күйде болады. Молекуланың ретті орналасуы қатты мұзға тән. Сұйық суға қарағанда оның құрылымындағы молекулалардың тығыздығы едәуір төмен. Сондықтанда су қатқанда көлемін 9%-ке арттырады және 0°С-тағы судан мұздың тығыздығы аздау болады. 0°С-тағы суға қарағанда мұздың тығыздығының азырақ болуы, тұщы сулы су қоймаларының бетінен бастап қатуына әкеледі. Судың максимал тығыздығы 4°С-қа сай келеді. Суды одан әрі салқындатқанда оның бетіндегі тығыздық мұзға айналғанша азая бастайды, сондықтан жылы сулардың терең қабаттары, сұйық күйінде сақталады, қатпайды. Беткі мұз қабаты астындағы судың жылуын одан әрі жоғалтпай сақтайды, соған орай қыста беті қатып қалған өзендер мен көлдерде тіршілік жалғаса береді. Сутектік байланыс молекулааралық молекулаішілік Сутектік байланыс құрамына сутек және электртерісітігі күшті элементтер, мысалы, фтор, оттек, азот, кейде хлор және күкірт кіретін молекулалардың арасында пайда болады. Сутектік байланыс көптеген заттардың қасиеттеріне әсер етеді. Мәселен, сутектік байланыстың әсерінен фторсутек кәдімгі жағдайда су сияқты, сұйық күйде (19,5°С-тан төмен) болады және құрамы: H2F2, H3F3-тен, H6F6-ға дейін біріккен әртүрлі молекулалардан тұрады. Фторсутек молекуласы мен иондар арасындағы берік сутектік байланыс HF2–, H2F3– және т.б. типті тұрақты қышқыл аниондар түзеді. Оларды KHF2 – калий гидрофториді, NH4HF2 – аммоний гидрофториді сияқты қышқыл тұздардың құрамынан табуға болады. Судың қайнау (100°С) және қату температурасының (0°С) оттек топшасы элементтерінің сутекті қосылыстарымен (H2S, H2Se, H2Te) салыстырғанда әлдеқайда жоғары екені сутектік баланыстың болуымен түсіндіріледі. Судағы сутектік байланыстарды үзу үшін қосымша энергия жұмсау керек. Басқа галогенсутектер (HCl, HBr, HI) және сутектік байланыс тән емес халькогенсутектер (H2S, H2Se, H2Te) физикалық және химиялық қсиеттерінің өзгеру сипаты қатаң сақталатын газтектес заттар болып табылады. Бұл топтың екі өкілінің – су және фторсутектің басқалардан күрт айырмашылығы олардың кәдімгі молекулаларының ассоциациялануына (бірігуіне) әкелетін сутектік байланыстың болуымен түсіндіріледі. Су молекуласымен сутектік байланыстар түзе алатын заттар ғана суда ериді. Мысалы, этанол C2H5OH сияқты заттар суда шексіз ериді, өйткені олардың молекулалары пайда болған ассоциаттағы судың молекулаларын алмастырады, сол кезде этанол мен су молекулалары арасында жаңа сутектік байланыстар түзіледі. Сұйық күйдегі этанол молекуласы да сутектік байланыстардың жүйесі арқылы ассоциацияланған, сондықтан оның қайнау температурасы ассоциацияланбаған сұйықтарға қарағанда жоғары (мысалы, молекулалық массалалары салыстырмалы болатын алкандар). Сутектік байланыстар белоктардың және басқа биологиялық қосылыстардың молекулаларында кеңінен таралған. Оларда бір молекуладағы екі топ арасында молекулаішілік сутектік байланыстар түзілуі мүмкін. Мысалы, белоктар жалпы формуласы мынадай ұзын тізбектерден тұрады: >С = О және >N — H топтары полюсті болғандықтан, олардың арасында сутектік байланыс түзілуі мүмкін: >С = О … >N — H Сутектік байланысы бар заттардың молекулалық кристалдық торы болады. Сутектік байланыс арқылы мыналар түсіндіріледі сұйық және қатты сулардың ассоциациясы сұйық және қатты сулардың молекулалардың реттеле орналасуы, балқу және қайнау температуралары, еріткіш қабілеттік, химиялық белсендік сияқты оқшау физикалық және химиялық қасиеттеріне әсер етеді. Белоктар мен ДНК. нуклеин қышқылдарының құрылымында молекулаішілік сутектік байланыстар ерекше мәнге ие болады |
15-16 |
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері: |
Білімділік мақсаты: – оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; Жаттығу орындау:10 – ЕТЖ -1 33бет. 1нұсқа. |
3-4 |
Білімді жүйелеу және қорытындылау |
Білімділік міндеттері: – оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; – кеткен кемшілікті жою жұмыстары -тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу; -оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау 1.Дәптерге жазу. 10-ППР-1 (37бет) №1-6, №1-10 (күшті оқушылар) №1 (в- период тарда солдан оңға қарай артады ) №2 (а) №3 (в) №4 (а) №5 (а) №6 (г) №7 (г,в) №8 (б) №9 (а) №10 (б) |
8-10 |
Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері. |
Білімділік міндеттері: – оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; – кеткен кемшілікті жою жұмыстары; 1.Соңғы берілген жаттығуларды тексеру |
1-2 |
Үй тапсырмасын беру кезеңі: |
Білімділік міндеттері: -оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету 1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар. Параграф 3.6оқу.№5, 6 (100бет) –жазбаша. 2. Күнделікке жазғанын тексеру. |
1-2 |
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі. |
– жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. |
1-2 |
Күтілетін нәтиже: |
Сутектік байланыстың түзілу себебтері,басқа байланыстар мен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіре білу. |
|
Р ефлекси я кезеңі : |
Білімділік міндеттері: – оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру. -оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай? |
1-2 |